Тікелей эфир ктк
Кел, келінім | КТК
КТК телеарнасында судай жаңа реалити-шоу – Кел, келінім!
Төрт ана, төрт жігіт, сегіз бойжеткен. Бәрі төрт ай бойы бір үйде бағын сынайды. Қалыңдық іздеген төрт бойдақ жігіт жобаға қатысты. Сегіз бойжеткен болашақ жарының көңілінен шығуға барын салады. Бұл оңайға соқпасы анық. Әр бойдақ жігіттің артында арыстандай анасы тұр. Болашақ енесінің көңілін таба ала ма?
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
КЕЛ, КЕЛІНІМ: ҰЯЛТҚАН, ҰҚТЫРҒАН, ҰТЫМДЫ СӘТТЕРІКЕЛ, КЕЛІНІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОҒАМҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ?
Кел, келінім: жоба туралы ойыңыз қандай
«Кел, келiнiм» реалити-шоу мәресіне жетті. Не болса да, жұптар пікірін қорытып, таңдауын жасады. Жоба авторлары да «ары тартса өгіз өледі, бері тартса арба сынады» деп, жұптардың болашағын уақыт еншісіне қалдырғандай. Ал біз үшін сіздердің бұл жоба туралы жеке ойыңыз өте маңызды.
«Кел, келiнiм» реалити-шоу мәресіне жетті. Не болса да, жұптар пікірін қорытып, таңдауын жасады. Жоба авторлары да «ары тартса өгіз өледі, бері тартса арба сынады» деп, жұптардың болашағын уақыт еншісіне қалдырғандай. Ал біз үшін сіздердің бұл жоба туралы жеке ойыңыз өте маңызды.
Қатысушыларын бір шаңырақтың астында үш ай бойы бірге тұрғызған «Кел, келінім» жобасы эфирге барынша кәдуілгі шынайы өмірді ұсынып отырды.
Енді бірегей «Кел, келінім» жобасын егжей-тегжейлі талқылап көрейік. Ол үшін релити-шоудың бүге-шігесін ақтарып, мына сұрақтарға барынша ойланып жауап берулеріңізді өтінеміз.
:
"Кел, келінім" бағдарламасының бірінші маусымы мәресіне жетті. Жігіттер қалыңдық тапты ма? Ұсыныс кімге жасалды? Қыздар келін болуға дайын ба? Бұл ең қызықты, қорытынды шығарылымы, тамашалаңыздар!
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Кел, келінім
"Кел, келінім" бағдарламасының бірінші маусымы мәресіне жетті. Жігіттер...
Кел, келінім
Бүгінгі бағдарламада жігіттердің бөлмесін жинап шығуға қыздардың тарапынан...
Кел, келінім
Бүгінгі бағдарламада көрермен тарапынан орындауға берілетін тапсырама кезегі...
Кел, келінім
Бүгінгі бағдарламада үміткерлерімізге енелеріміздің берген күрделі тапсырмасын...
Кел, келінім
Бүгінгі бағдарламада қалталы жігітке тұрмысқа шығу тақырыбы қыздар бөлмесінде...
Кел, келінім
Бүгінгі бағдарлама ораза айт мерекесіне арналды. Келіндер үйінде үлкен мейрам...
Кел, келінім
Бүгінгі бағдарламада қыздардың қазақ елінің дәстүрлері жайлы пікірталас үрбіді.
Кел, келінім
Бүгінгі бағдарламада енелеріміздің тұсау кесу дәстүрін қыздарға тамашалап, білу...
Кел, келінім
Бүгінгі бағдарламада Мухаббатың туған күні тойланып, той барысында Даниярдың...
Қосымша шығарылымдарды көрсету
www.ktk.kz
КТК: егер сайтта видео көрсетпей тұрса... | Мақалалар
Бұл сұрақтарға КТК телеарнасы желілік коммуникация саласының маманы Денис Гайда жауап береді.
Мәселенің себебін жылдам түсінуге және оны түзетуге мүмкіндік беретін НҰСҚАУЛЫҚ:
1. Браузерде видео көрсетілмесе:
Желімен байланыс жоқ → Интернетке кіру
Adobe Flash Player өшірілген → Adobe Flash Player қосыңыз
JavaScript өшірілген → JavaScript қосыңыз
сервермен проблема → күту және парақшаны жаңарту
2. Ұялы қосымшада видео көрсетілмесе:
Интернетпен байланыс жоқ → Интернетке кіру
сервермен проблемалар → күтіп, қайта іске қосыңыз немесе қосымшаны жаңартыңыз
шетелдік оператормен проблема → ҚР-да тіркелген IP-адрес арқылы қосылу немесе қызмет көрсету операторына хабарласу
құрылғымен проблема → гаджетті диагностикадан өткізу
3. Видео өте баяу жүктеледі және тоқтап қалады:
трафик таусылған → жаңа пакет сатып алыңыз немесе қосылымды ауыстырыңыз;
трафик жылдамдығының төмендігі → операторға хабарласыңыз;
арна шамадан тыс жүктелді → күту, кейінірек оралыңыз.
«Ешқандай видео көрсетілмесе, 99% жағдайда оған себеп - Adobe Flash Player. Браузер өндірушілер бұл технологиядан ақырындап қол үзе бастаған. Олар плагинді қалдырған, бірақ плагинді өз бетіңізбен қосуыңыз қажет».
«Сіз браузеріңізді жаңартқанда күйге келтірудегі (настройка) аса қауіпсіздік іске кірісіп, ал ол өз кезегінде «флэштің» (Flash Player – ред.) қосылуына рұқсат бермейді.
Оны қосу үшін біз Google-ден сұрап, бірден Adobe (Flash Player шығаратын компания) компаниясының жауабын аламыз. Сол жерден суреттерімен қоса Google Chrome, Opera, Mozilla Firefox және тағы басқа браузерлерде қалай қосу туралы түсіндірме бар», - дейді Дения Гайда.
Екінші, неғұрлым қарапайым себеп - JavaScript өшірілген. Бұл жағдайда экранда «қарау үшін JavaScript қажет» деген сурет тұрады. Оны қалай қосу керектігі туралы нұсқаулықты да Google іздеу жүйесінен оңай табасыз.

Неге басқа сайттарда видео көрсетіліп тұр, ал КТК сайтында - жоқ?
«Біз Flash Player талап ететін белгілі бір технологияны пайдаланамыз, яғни файл арқылы емес, бейне таратудың арнайы протоколы арқылы жібереміз. Сондықтан сіздің HTML5 видео басқа сайттарда жұмыс істей алуы мүмкін, себебі олар файл ретінде жүктеледі, ал біз техникалық жағынан бейнежазбаны басқа жолмен береміз.
КТК сайтын әзірлеп жатқанда біз HTML5-ті жасамадық, өйткені сол уақытта оның лек-легімен құйылатын видеоға арналған бекітілген стандарты болмады - ол бір браузерде жұмыс істесе, келесіде істей алмады, ал Flash Player барлық жерде және кез келген жерде ойнап жатты. Біз 90 пайыз орындалатын жұмысты жасадық», - деді Денис Гайда.
Экранда «Сервер табылмады» жазуы пайда болса, не істеу керек?
«Басты назар аударатын нәрсе – нені қарап отырсыз? Тікелей эфир ме, әлде сайтқа жүктелген видео ма? Өйткені онлайн трансляция әр жерден, біздің серверден, немесе Қазақтелекомнан беріліп жатыр. Ал КТК архивындағы видео тек КТК серверінен. Егер сіз сайтқа жүктелген видеоны қарай алмасаңыз, онда файл әлі құйылмаған немесе сервер шамадан тыс жұмыс істеп тұр, болмаса желі операторында уақытша проблема туындады. Біраз күтіп, бетті қайта жүктеп алуыңыз керек. Егер тікелей эфир болса, шамадан тыс жұмыс істеп тұруы мүмкін. Мысалы, Жаңа жылда біздің сайтқа кіру қиын. Мысалы, биыл бір мезетте 20 000 КТК сайтына қосылды», – деп түсіндірді Денис Гайда.

Смартфон, планшет және басқа да гаджеттерде видео көрсетілмесе не істеу қажет?
«Бұнда Flash Player-дің еш кінәсі жоқ. Проблема сіздің құрылғыңызда немесе интернетте. КТК мобильді қосымшасының Flash Player-мен ешқандай проблемасы жоқ.
Android және iOS-лардың өздері HLS форматында бейнені ойната алады. Яғни, сілтеме қойсаң жетіп жатыр, ал операциялық жүйе өз ойнағышын қосады. Сондықтан смартфондар мен планшеттердегі видео жұмыс істемесе, онда ең алдымен, құрылғыға қатысты проблема бар немесе ҚР аумағынан тыс жерде», - деп түсіндірді Денис Гайда.
Осындай жағдайға КТК арнасы көрермендерінің бірі тап болды. Әлеуметтік желідегі түсініктемесінде ол сериалды телефон, ұялы байланыс арқылы қарай алмайтынын айтып шағымданды. Астана қаласында тұрамын деген көрерменнің мобильді қосымшасы оның Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратынын көрсетіп берді.
«Оператор - шетел операторы болған. Басқа елдің деректер базасында тіркелген IP-адрес. Біз бұл базаны жауып жатырмыз. Әрине, операторлар Қазақстандағы шетелдік IP-адрестерді өз бетінше қайта тіркеуі тиіс», - деді Денис Гайда.
Жаңалықтар, бағдарламалар, ток-шоулар және тағы басқа бағдарламаларға КТК телеарнасы географиялық құлып сала ма? Яғни бұл бағдарламаларды әлемнің кез келген жерінде көруге бола ма?
«Бізде өз контентіміздің қорғаушысы жоқ, бірақ пайдаланушыда қандай да бір шектеу қойылған болса ше? Мүмкін, кеңседе отырған адамның, ол істейтін компанияның саясаты VKontakte, Facebook, Odnoklassnikam және басқа сайттарға кіруі үшін жабық болса ше? Бәлкім провайдермен проблема болса, бәлкім оператор бірдеңені блоктап тастаса, бәлкім пайдаланушы прокси арқылы кірсе және тағы басқалар. Көптеген тетік бар, бірақ ол КТК сайтының жұмысына еш қатысы жоқ», - деді Денис Гайда.
Сұрақтарыңыз бар ма? Төменге жазыңыз!
* Провайдер - желіге қатынау қызметтерін ұсынатын ұйым.
** Прокси - прокси серверімен бірдей. Компьютерге қосылғанда, абоненттің интернетке кіруіне делдал болып табылатын қашықтағы компьютер. Прокси абоненттік бағдарламалардың барлық сұрауларын желіге жібереді және жауап алғаннан кейін оны абонентке жібереді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: КТК арнасын тамашалаудың 22 себебі бар!
КТК арнасы әділетсіздіктен қажыған жандардың тауқыметін шешуді өз қолына алды!
Ерланби Дәулетияр: «Ішкі мазмұны келіспеген адам эфирде сүйкімді көріне алмайды»
Асыл Махмет: жаңалық жүргізгенде көз алдымда ауылымның адамдары тұрады
Серік Жанболат: біреудің жазып берген дүниесімен эфирге шығып көрмеппін
www.ktk.kz
Кеттік тойға | КТК
Тағдыр тартысы, өмір өткелдері... Өмір сын мен сынақтан тұрады. Қиындыққа мойымай, сәтсіздікке сағы сынбай өмір белестерінен өткен жандар – біздің бағдарламаның кейіпкерлері. Әр қиындықтың бір қайыры бар дегендей, оларды енді қуанышты күндер қарсы алмақ. Тойларына күтпеген жерден танымал эстрада жұлдызы барып, әннен шашу шашып жатса, нағыз тосын сый деген осы болмақ. Біздің бағдарламаның мақсаты - құрметке лайықты жандарға тосын сый жасау.
:
Мирболат пен Гүлшат Бишуиновтардың отбасын құрғанына 20 жылға таяу уақыт болды. Жоғарғы оқу орнында бірге оқыған ерлі-зайыптылар 1999 жылы Алматы қаласында шаңырақ көтереді. Алғаш некеге тұрғандарында тұрақты үйлері болмаған ерлі-зайыптылар тұңғыштары дүниеге келгенде аяқ-астынан баспаналы болады.
Алайда, жас отаудың бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Тұрғылықты үй табылғанмен, оны растайтын құжат жоқ. Бармаған жер, қақпаған есігі қалмаған Мирболат Мырзатайұлы тағы да тығыраққа тірелді. Ақша табу, үй іздеу, сатып алу... отағасын тағы да сергелдеңге түсірді
Берекелі жанұя, үлгілі ата-ана болу – отбасының басты құндылығы. Ер азамат түзде мал тапса, әйел үйдің сәнін келтіреді. Мирболат пен Гүлшат Бишуиновтар тату-тәтті ерлі-зайыпты ғана емес, туған-туысқанға да сыйлы.
Баспана бар, балалар өсіп келе жатыр. Ұйқы тыныш, көңіл алаңсыз. Алайда, межеге жетпеген, жүзеге аспаған тағы бір іс бар. Ол қызының арманың орындау.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Қосымша шығарылымдарды көрсету
www.ktk.kz
Қызылордада тест үстінде тікелей эфирге шыққан түлек елді шулатты | Жаңалықтар
Қызылордада тест үстінде тікелей эфирге шыққан түлек елді шулатты
Қызылордада ұлттық бірыңғай тест кезінде ұялы телефонымен тікелей эфирге шыққан қыздың видеосы әлеуметтік желіні шулатты.
Ғаламторға тарап кеткен бейнежазбада талапкердің сұраққа жауап таппай қиналып жатқан құрдастарын түсіріп отырғаны анық көрінеді. Бетперде киіп алған өзін де көрсетуді ұмытпаған. Ал телефонды аудиторияда емін-еркін қолданып отырған түлекке қой дейтін тексеруші байқалмайды. Білім басқармасындағылар үшін бұл қалыпты жағдайға ұқсайды. Тәртіп бұзған қызға ешқандай шара қолданылмайды дейді.
БАҒДАТ БЕРДӘУЛЕТ, Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
-Бала шығармашылық емтихан тапсырған. Қолы бос болған. Кезек күтіп, емтихан материалдарын өткізуге кезек күтіп отырған кезде түсірілген жағдай. Енді бала ереже талаптарын бұзып отыр. Телефонды алып кірген.
www.ktk.kz
Кеттік тойға | КТК
Тағдыр тартысы, өмір өткелдері... Өмір сын мен сынақтан тұрады. Қиындыққа мойымай, сәтсіздікке сағы сынбай өмір белестерінен өткен жандар – біздің бағдарламаның кейіпкерлері. Әр қиындықтың бір қайыры бар дегендей, оларды енді қуанышты күндер қарсы алмақ. Тойларына күтпеген жерден танымал эстрада жұлдызы барып, әннен шашу шашып жатса, нағыз тосын сый деген осы болмақ. Біздің бағдарламаның мақсаты - құрметке лайықты жандарға тосын сый жасау.
Әдетте ГАИ қызметкері кездессе, ат тонын ала қашатынымыз жасырын емес. Алыстан бұқпантайлап, көзіне түспеуге тырысамыз. Ал бүгін ГАИ қызметкерін өзіміз іздеп бармақпыз.
Нұржан Айтжанұлы Алматы қаласы жолды бақылайтын техникалық бөлімнің орынбасары. Ол 27 жыл өмірін осы салаға арнаған. Еңбек жолын сержант болып бастаған азамат полковник шеніне дейін көтерілен.
Тәулікте 24 сағат бар. Уақыт ағымы бай мен кедейге, хан мен қараға қарамайды, бәріне бірдей. Тек өмірден өз орныңызды тауып, қоғамдық мәртебеңізді бекіту өз қолыңызда. Әр мамандықтың қиындығы мен қызығы қатар жүретіні де рас. Қызықты қуана айтып, әріптестеріңізбен әзілдескенге не жетсін?! Оның үстіне мамандығыңыз ГАИ қызметкері болса.
Халқымыз нәресте дүниеге келсе шілдехана, сүндет той, тұсаукесер деп баланың әр қуанышын жақындарымен, туған-туысымен бөлісіп жатады. Біз бүгін Алматы қаласының тұрғыны, 80 жастағы Советбек қарияның отбасындағы қуаныштың куәсі боламыз. Ұзақ жасаудың бір құпиясы – отбасында бақытты ғұмыр кешу. Осылай деген 80 жастағы Советбек ақсақалдың 5 ұлы бар. Жанұяда сыйлы қарияның бала-шағасы мен келіндеріне деген ықыласы ерекше. Алайда, Советбек атай үшін осы тату-тәтті шаңырақтағы немере қызының орны бір бөлек. Әділ мен Айнұрдың үйленгендерінің өзі қызыққа толы хикая. Бұған дейін қос ғашықтың ата-аналары 30 жыл бойы отбасылырымен дос болып араласады. Күндердің күнінде бір шаңырақта ұл, ал екіншісінде қыз бала дүниеге келеді. Ұлға Әділ, қызға Айнұр деген есім беріледі.
Әділ мен Айнұр туылғанда достыққа берік ата-аналары бір-біріне «болашақта құда боламыз» деп әзілдескен екен. Бұл қалжындарын балалары есейгенге дейін қоймаған.
Үлкендер айтты. Қойды. Алайда, уақыт өте айтқандары келіп, 18-ге толғанда бозбала мен бойжеткен бір-бірін құлай сүйіп қалады.
Бүгінде шаттыққа толы шаңырақта қуанышты күн. Әділ мен Айнұрдың тұңғыш ұлдары Дарудың– сүндет тойы. Сүндет той - қазақ даласында ежелден ерекше аталып өтетін, көптеген өзіндік жөн-жоралғылары бар маңызды той.
www.ktk.kz


















