Эфир дегеніміз не және оны қайда алуға болады? Эфир дегеніміз не


Телерадиодағы тікелей эфир - QazBrand.info

Жоспары:

  • Тікелей эфир дегеніміз не?
  • Тікелей эфирге тән ерекшеліктер

Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше, тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдапкөрейік. Тікелей эфир-радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудын, кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалык сипаттағы соны технологиялык процесс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.

Ал тікелей эфирде жұмыс істеген журналистің даярлығының күштілігіне, дайындығының мықтылығына қарамастан процесс кезіндегі күллі іс-әрекетін, аузынан шыққан әрбір сөзін өлшеп-кесіп, мөлшерлеп-межелеп алдын-ала анықтап алуы мүмкін емес. Сондықтан да ол эфир кезіндегі әрекетінің негізгі шарттарын есте сақтауы қажет. Оны мына төмендегідей тәртіппен белгілеуге болар еді:

  1. Сөз бостандығын иелену.
  2. Мемлекеттік мүддені ұстану.
  3. Құкық негіздеріне сүйену.
  4. Шығармашылық еркіндікті пайдалану.
  5. Кәсіби шеберлікті таныту.
  6. Жауапкершілік шегінен аспау.
  7. Заң аясына бағыну.

Жалпы, радионың ауызекі сөйлеу тілімен, дауыс ырғағымен, техникалық мүмкіндіктерімен о бастан тікелей эфирге бейім екені мәлім. Сондықтан да, тікелей эфирдің тарихи тамыры тереңде жатыр. Бұл турасында профессор Н.Омашев “30-жылдардың екінші жартысында Қазақстан радиохабары сапалык жағынан алға басты. Эфирден берілетін тікелей хабарлар, сөз жоқ, Қазақ радиосы хабарларының ең күшті қасиеті болды. Осындай таза радиолық пішіндер кеңес радиохабарында 1925-1929 жылдары пайда болып, көп кешікпей жергілікті жерлерде кең таралды”- деп атап өтті.  Демек, сол кездерде тікелей эфир пішін ретінде көрініс тапқан. Негізінен, бұрынғы уақытта тікелей эфирде студияны ашып,  жаңалықтарды оқып, концерттерді жүргізетін дикторлар еді. “Әлемге аты әйгілі Юрий Борисович Левитаннан кейін 1945 жылы Жеңіс бұйрығын эфирге қазақ тілінде тұңғыш рет мен оқыдым, — деді Әнағаң асқақ үнмен тіл қатып”. Бұл – Әнуәрбек Байжанбаев туралы жазылған естелік кітаптан келтірілген үзінді.  Мұнда “тікелей” деген сөз айтылмағанмен, диктордың мәтінді тікелей эфирден оқығаны анық. Әйтпесе, эфирге оқыдым деген сездің орнына “запись” жасалды деген тіркес айтылар еді. Өйткені, тікелей эфирден оқылмаған хабарлардың бәрі таспаға түсіріліп, монтаждалып берілетін. Сонымен қатар, тікелей эфирден концерттер де беріліп тұрған. 1944-45 жылдары Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарған Қазақ ССР-нің халық артисі Ермек Серкебаев сол жылдардағы  тікелей   эфирді  былайша  есіне  алады: Тыңдаңыздар! Алматыдан сөйлеп тұрмыз” деп сөйлейтінім есімде. Уақытты айтып, жаңалықтар оқитынбыз. Соның ішінде ең алдымен, соғыстың хабарын айтамыз. Содан соң музыка береміз. Антон Макеимович Москаленко  өзіміздің “Хор” және симфониялық оркестр бар Радиодағылар менің музыка мектебін бітіргенімді білген, микрофон алдында ән айтқызып көрді. Сөйтіп, менің  әнші ретінде қалыптасуым республикалык эфирден қазақ композиторларының шығармаларын орындаудан басталды”. Сондай-ақ,  алаңдарда өтетін мерекелік шерулерден тікелей трансляциялар берілетін. 7-ші карашада Ұлы Октябрь мерекесіне, 1-ші мамырда еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күніне арналған салтанатты шерулердегі мерекелік ұрандарды ер және әйел дауысына бөліп дикторлар оқитын. Бұл тікелей эфир болғанымен, трансляциялық жолмен берілгендіктен, шығармашылық емес, техникалық сипат алды. Оның үстіне дикторлар микрофон алдында дайын мәтінді оқитын. Демек, бұрынғы тікелей эфирдің функциясы толық мәнге ие болған жоқ. Сондықтан да болуы керек, көбінесе, пішін ретінде қарастырылды. Ал, цензура жойылып, журналистердің сөз бостандығын иеленуі шын мәнінде жүзеге асқан кездегі тікелей эфирдің ауқымын пішінмен қамту әсте де мүмкін емес. Журналистикадағы бұл жаңа құбылыстың негізі ел өміріндегі саяси маңызы бар өзгерістермен бірге орныққаны мәлім. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабында “Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады” деп, тайға таңба басқандай ашық айтылған. Осындай заң аясындағы нақты мүмкіндіктер радиожурналистикадағы жаңаша әдістің кең қанат жаюына жол ашты. Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: радиоүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу, т.с.с. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақсы сипат алмайды. Тікелей эфир – аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі болып табылады. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуімен алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л.Цвик мынадай тұжырым жасады: “Жүргізуші – журналистің тікелей эфирдегі табысы – кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі”. Ол рас, тек бұл тұжырымда тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескертілмеген. Микрафондағы сөйлейтін жүргізуші болғанмен, оның аржағында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сазбен көмкеретін, телефон қоңырауын эфирге қосатьш бір топ қызметкерлер бар екені белгілі. Сол түрғыдан келгенде. тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істін басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатъш іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жүмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден. қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға. келесі бір бөлігі студияға жазылып бір рет таспаға (пленкаға) түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып содан кейін тұтасымен рет-ретімен жиналып үшінші рет қайтадан көшірілетін. Сол жинақталған хабарды дыбыс операторы эфирге қосатын. Уақыт та, адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген -осы. Ал екіншіден, тікелей  эфир өзгеріске ұшырамайтын  нақты құбылыс болғандықтан, алдын ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм /ендігі жердегі шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, тыңдарман психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-техникалық прогресс аясында қолданысқа енген соны технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, радиожурналистикадағы хабар тарату  әдісі деуімізге негіз бар.  Ал әдіс дегеніміз не?  “Әдіс, яғни, метод (грек тілінен аударғанда  әдіс – бір нәрсеге жетудің жолы) көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі”, Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында әдіске осындай анықтама беріліпті. Сол тұрғыдан алғанда, тікелей эфир дәстүрлі радиожурналистика негізінде, радионың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келтірілген қызмет жүйесі деген тұжырым  жасай аламыз. Демек, тікелей эфир радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық түрғыда жүйедеу арқылы айқындай аламыз.

“Эфир” – сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе “жоғарғы ауа” деген мағынаны береді, Ал ғылыми тұрғыда “эфир – радиотолқындар таралатын кеңістіктің жалпылама атауы”.

Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық

  1. Қажетті материалдарды жинау:

а) тақырып таңдау;

ә) объекті белгілеу;

б) формасын анықтау.

  1. Сценарийлік жоба әзірлеу:

а) хабарды тыңдарманның қалай қабылдайтындығына барлау жасау;

ә) жоба барысында хабардың психологиялық желісін дұрыс жолға қою.

  1. Музыкалық форматты есепке ала отырып, тікелей эфир хабарын әрлейтін әуенді дұрыс және сәтті таңдау:

а) журналистің шешімі;

ә) музыкалық жүргізушінің тапқырлығы.

Корреспондент қандай жанрда хабар жүргізбесін – бұл аудиториямен арадағы негізгі контакт түрі болмақ. Тікелей эфирде радионың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырған жөн, бірақ жүргізуші аудитория арасындағы байланысты бақылап отыруы керек. Хабардың жетістігі тек қана ақпараттың жеделдігі емес, жүргізуші өзінің аппонентін сөйлетуде көбінесе соның ойын тыңдауға тырысу, дәл осы жерде радиоқарым-қатынас туындайды. Радиожурналист әр қашан тікелей эфир кезінде сезінуі керек. Не ТВ-ге қарағанда көбінесе радиода талдамалылық басым болатынын. Ал сұхбат алған кезінде әрине алдын-ала дайындалған сұрақтарды да қою керек, себебі тақырыптың жаңа бір жағынан туындаған ойлар айтылуы мүмкін.   Бұл жерде міндетті түрде дауыс ырғағы атқарушы рольде болады. Жақсы репортер өзін тікелей эфирге шыққан кезінен бастап-ақ бір кездегі Сауық Жақан, Әнуар Байжанбаев, Н. Өнербаев, т.б. майталмандар сияқты таныта білуі дауысынан, оқу мәнерінен көруі тиіс. Сондай-ақ радиорепортер эфирде сөйлеген кезінде тілдік единицаларға яғни, лексикасына аса назар аудару керек, себебі, тікелей эфир атылған оқ секілді бір жерден шығып қаншама жерге тарайды.

Радиожурналистің жұмыс процесін эфирге дейінгі, эфир кезіндегі деп екіге бөліп қарастырған жөн. Өйткені, эфирден берілетін хабарды алдын-ала әзірлеу мне тікелей эфирдегі радиохабарды жүргізу екеуі екі бөлек нәрсе.

Радиохабар жасау – радиожурналистің бұрыннан қалыптасқан жұмыс істеу әдісі.

Ал тікелей эфирдегі хабарды жүргізу – қазіргі заманғы радиожурналистиканың жаңаша жұмыс тәсілі, күрделі шығармашылық процесс, техникаға тәуелді таңғажайып құбылыс. Шындығында, радиожурналист жұмысының негізгі әдістері келіп туындайды.

Сондай-ақ радиорепортажды жүргізгенде ең алдымен қозғағалы отырған мәселенің бірнеше төңірегін қамтиды. Репортажда міндетті түрде қарамастан нәрсе ол.

1.Қандай да бір мәселенің мысалы: жаңадан түсірілген кино туралы берсе ең алдымен сол туралы қысқаша ақпарат береді.

  1. Бас режиссер немесе басты рольді сомдаған актерлермен сұхбат жүргізеді.
  2. Дөңгелек стол түрінде әр түрлі пікірлердің қайда? Қашан? Сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбуі.
  3. Осы киноның салтанатты ашылуы кезіндегі репортаж. Сол кездегі атмосфера сахнадағы көрермендердің қатысуы туралы шум, музыка т.б. эффектілермен тыңдаушыға жеткізуі. Тіпті кейде журналист сол оқиғаға байланысты өзі алдын-ала дайындалып, запись жазып қысқа очерк беруі мүмкін.

Тікелей эфир кезінде репортер өзі қатысып тұрған оқиғаның көрінісін тыңдаушы көз алдына қатысып отырғандай әсер қалдырса ғана репортаж өз дәрежесіне жетпек. Яғни сол оқиғаға қатысқан халықтың көңіл-күйі, музыка, қошаметтеген дауыстар, ойнаушылардың желпінген дауыстарын беруі және сол тікелей эфир арқылы комментарий жасауы очерк, интервью сияқты жанрларды кеңінен қолдана отырып хабардың барынша эмоциялылығын бағалап оның тірі әрі қызықты өтуіне жол ашады.

Репортаж – өз бойына публицистиканың информацияның элементтерін жинастырған ерекше оперативті жанр. Оның түрлері көп болғаны мен, оған ортақ бір жай бар. Ол: тікелей оқиғаны бір репортермен өзіндік әсерімен, ой қорытындыларымен жеткізу.

Репортаж белгілі бір оқиғаға қатысушы репортердің оқиғадағы толық көргені жайлы тыңдаушыларға информацияның хабар беруі.

Репортажда өзекті оқиғалар шұғыл түрде көрсетіліп, фактілер мәні көрсетіліп сезім күйіне әсер ететіндей өткізілуді қолд-ы. Зерттеуші Е. Рякчеков: “Репортаж – өз бойына очерктің, интервьюдің, шолу мен есептің элементтерін жинақтаған, оларды сезім күшімен әсірелеп, оқиға дамуы туралы суретті көрініс жасай алатын синтетикалық жанр. Ол тыңдаушысына факт күшімен де, репортердің сенім және сезім күшімен де фактіні өзінше түсіндіру арқылы әсер етеді. Репортаж – суреттеу, баяндау, проблемаға талдау жасау арқылы өз тыңдаушысына ықпал етеді”

Репортаждың өзіндік белгілері төмендегідей:

  1. Болған оқиғаны суреттеу
  2. Оны репортердің өзінше айтып беруі
  3. Баяндау тәсілдерінің динамикасы болуы
  4. Дыбысты суретке ие болуы

Ал оның негізгі элементтері:

  1. Репортердің баяндау сөзі
  2. Репортердің оқиғаға қатысушымен әңгімесі
  3. Өтіп жатқан оқиғаның дыбыстың сипаттамасы.

Қай репортажда болса да кіріспе, негізгі әңгіме, қорытынды деген бөлімдері болады.

Репортажды маман журналистің жүргізгені абзал. Негізгі әңгімеде әңгімеге көп уақыт бөлмеген дұрыс. Уақиғаға қатысы бар 1-2 адамды сөйлеткен дұрыс. Мұның өзі шарт. Репортаж дайындау кезінде дыбыстық эффект пайдаланудың пайдасы көп. Дыбыстық фонсыз пайдаланса репортаж қызықсыз. Оны пайдаланудың өзіндік орны бар. Орынды, орынсыз пайдалану хабардың  мәнін төмендетеді. Дыбыстық фонд аса бір оқиға мәнін ашатын  байланыс көзі.

 

Диктор – бұл радионың немесе теледидардың өзіне ғана тән, дщүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға, өнім дайындаушы редактор мен сол өнімді пайдаланушы тыңдаушының арасындағы дәнекер.

Дикторлар қызметте көбінесе екі бағытта – диктор-информатор және диктор-бастаушы болып пайдаланылады. Диктор-информаторға оқып беру тән болса, диктор-бастаушыға көрерменге, тыңдаушыға әңгімелеп беру немесе ауызекі сөйлегендей айтып беру лайық болады. Осыған орай, диктор-информатор жұмысының біршама жеңіл екендігін айтуға тиіспіз. Оған диктордың дауыс ырғағы, күштілеу дауыс әуені болса, информацияларды жақсы, анық әрі нақышына келтіріп оқып шығуға әдбен болады. Сөз жоқ, информацияларды, ресми документтерді оларға тән көтеріңкі үн ырғақты әрі сенімді дауыспен оқу керек.

Ал диктор-бастаушы ретінде олар материалды зор әзірлікпен әрі бар ынта-жігермен, актерлік шеберлікпен оқуы керек, «есте болсы»: мағынасыз сөз болмайды, әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек. Бұл жағдайда оқиғаны әңгімелеп беру, кәдімгідей екі кісінің немесе көп кісінің әңгімесі секілді айтып беру әдісі тән» 1 дейді қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев. Диктор қай материалды болсын артистен кем оқымауға тиіс. Материал оқуға не эфирде сұхбат жүргізуге диктор не хабарды жүргізуші болсын күн ілгері әзірленген болуы керек. Эфирге баратын хабарларды бір емес, бірнеше рет ежіктеп оқып шығып, оның қажетті жерлеріне қарындашпен белгі соғып, өте ынта қойып, зор ықылас аударып оқыған диктор-жүргізуші ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Теледидар жүргізуші сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнерінің үлгісі болуға тиіс. Мол білімді, кәсіби шеберлігі жоғары, қызмет тәжірибесі бай, табиғи дарыны бар жүргізуші ғана осындай биік талап деңгейінен шыға алады.

Диктор – сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнердің насихатшысы. Демек, диктордың қате сөйлеуге, қателесуге қақысы жоқ. Ол күнделікті жұмысында осы жайды мұқият ескеріп тыңдаушы алдындағы жоғары беделден айрылып қалмау қамын ойластырып отыруға тиіс. Мол білімге, тартымды тәжірибеге, тиісті дарынға ие диктор ғана әрдайым талап дәрежесінде бола алады.

         Эфир этикасын сақтауда журналист ең алдымен, кәсіби мораль принциптеріне сүйенеді. Кәсіби моральды өзінің жұмыс процесінде қолдануы үшін журналистің кәсіби санасы қалыптасуы керек. Ал журналистің кәсіби санасының құрылымы теориялық тұрғыда мынадай сипат алады.

Журналистің кәсіби санасының құрылымы:

а) әдістемелік сипаттағы білім;

ә) технологиялық ережелер мен қағидалар;

б) кәсіби-адамгершілік бағдарлар;

в) күнделікті тәжірибе тәлімі.

Осы орайда, радиожурналистикаға тән этика радио табиғатына тән заңдылықтардан бастау алады. Демек:

  1. Микрофонның сезімтал құрал екенін ескеру:

а) артық дыбыс шығармау, жөтелмеу, күлмеу, т.с.с;

ә) дұрыс дауы ырғағын, сөз екпінін, сөйлеу мәнерін жолға қою.

  1. Мәдениетті болу, сыпайы тіл қату, білімділік көрсету, өтірік сөйлемеу, басқасын былай қойғанда, уақытты дәл айту.
  2. Техникалық ақауды болдырмаудың барлық амалдарын қарастыру, қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда кәсіби мораль тұрғысынан кез келген мәселені тікелей эфир процесінде тыңдарман назарына нұқсан келтірмей қолма-қол шешу.
  3. Эфирдегі үнсіздікке жол бермеу.

Дыбыстық жазбаларды таспаға түсіру:

а) репортердің көмегімен;

         ә) студия арқылы.

  1. Таспаға түсірілген жазбаларды ықшамдап, ретке келтіру, яғни, монтаждау.
  2. Қажетті деректерді жинау.
  3. Радиохабардың өн бойында қолданылатын музыкаларды іріктеу.
  4. Радиохабардың толық мәтінін әзірлеу.
  5. Автор тарапынан айтылатын сөзді жазып алу.
  6. Радиохабарды бастан-аяқ жинау, толығымен құрастыру.

qazbrand.info

Эфир дегеніміз не және оны қайда алуға болады?

Этил эфирінің (диэтиловый эфир, этил эфирі, күрделі эфир), C2H5OC2H5, белгілеу: этил эфирі (этил эфир) - 1,1-Окси-бис-этан.Синонимдер: диэтил эфирі, күкірт эфирі.

Іс бойынша жіктеу: диссоциативті.

Түссіз, мөлдір, өте ұтқыр, ұшпа, оңай жағылатын сұйықтық, ерекше иіс пен жағу дәмі бар. Қайнау нүктесі + 34-35C. 0,713-0,715 тығыздығы. Алкоголь, бензин, мұнай эфирі, маңызды және май майлары бар барлық пропорцияларда араласқан суда еритін. Этил эфирінің буы оңай жалындаған; оттегімен, ауамен, азот тотығымен белгілі бір концентрацияда жарылғыш қоспалар құрайды.

Эфирді анестезияға арналған эфир (эфир наркозы, анестетикалық эфир) - фармацевтикалық өнім; белсенді ингредиент этил эфирі (диэтил эфир) болып табылады. Эстецияға арналған эфирде 96-98% этил эфир бар. Эфир ингаляциялық анестезияға арналған хирургиялық тәжірибеде қолданылады.

Эфирді анестезияға жатқызудың бір түрі - наркозға тұрақтандырылған эфир (эфир прозасының тұрақтылығы). Тұрақтандырғышты қосу (антиоксидант) препараттың сақтау мерзімін ұзартады. 140 мл қызғылт шыны флакондарында шығарылады.

Эфирге анестезиядан басқа, медициналық эфир де шығарылады (aepter medicinalis). Бұл препарат анестезияға арналған эфирге қарағанда тазартылмаған. Анестезия үшін жарамсыз. Сырттан (тегістеу үшін), сондай-ақ тұнбаны, сығындыларды дайындауға арналған. Кейде іштің ішіне құсу кезінде тағайындайды немесе тағайындайды. Ішінде ересектерге арналған жоғары дозалар: бір рет 0,33 мл (20 тамшылар), күнделікті 1 мл (60 тамшылар).

Эфирдің қолданылуы және қолданылуы:

Дәрігерлер эфир анестезиясында операцияны жүргізгенде, транквилизаторлар мен бұлшық ет босаңсыту құралдарын пайдалану арқылы мұқият премедицинация жасалады. Бұл жағдайда адам диссоциативті кезеңнен дерлік өтеді және бейбіт түрде ажыратылады (CNS депрессиясы орын алады). Таза эфирлік интоксикация - бұл мүлдем басқаша (оқылған). Этил эфирдің психоактивті әсері толуолға ұқсас.

Анестезия үшін эфирді операциядан бұрын ғана ашылған бөтелкелерден пайдалануға болады. Ауадағы жарық, ауаның және ылғалдың әсерінен тыныс алу жолдарының ауыр тітіркенуін тудыратын зиянды заттар (пероксидтер, альдегидтер, кетондар) пайда болады. Әрбір 6 сақтау айының соңында анестезияға арналған эфир мемлекеттік фармакопеяның талаптарына сәйкес тексеріледі.

2-4 жартылай ашық жүйесі туралы. Рухтың қосындысындағы эфирдің% анальгезия мен сананың сөнуін қолдайды, 5-8 vol. % - үстіңгі анестезия, 10-12 туралы. % - терең анестезия. Науқасты ұйқыға қою үшін, 20-25 көлеміне дейінгі концентрациялар. %. Эффект баяу дамиды, хирургиялық анестезия кезеңі 15-20 минуттан басталады (кішкентай балаларда бұл жылдамырақ).

Эфирді пайдалану кезінде анестезия салыстырмалы түрде қауіпсіз, бақылауға оңай. Скелеттік бұлшықеттер жақсы демалады. Фторотанадан, хлороформдан және циклопропандыан өзгеше, эфир миокардтың адреналин мен noradrenaline сезімталдығын арттырмайды. Алайда, эфирдің буы тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіреді және бронх бездерінің сілекей мен секрециясының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Тыныс алу жолдарының тітіркенуі тыныс алу және ларингоспазм кезінде рефлексиялық өзгерістермен анестезияның басында болуы мүмкін. Қан қысымын (BP), тахикардияны (қандағы норадреналин мен адреналиннің ұлғаюына байланысты), әсіресе қозғау кезеңінде өткір көбеюі мүмкін.эфир анестезиологиялық доза ОЖЖ тежейді: бульбарные орталықтары сақтай отырып, блоктар қоздырғыш синаптические беру (негізінен афферентті Импульс) жедел corticosubcortical өзара іс-қимылды ыдырайтын. сана болмауы және сезімталдық, рефлекстік жауап жолын кесу және қаңқалық бұлшық релаксация барлық түрлері: анальгезия, ынталандыру, 3 деңгейдегі (үсті аралық және терең) хирургиялық анестезия мен тән ерекшеліктері - анық классикалық кезеңі наркоз білдірді туғызады.

info-4all.ru

Эфир дегеніміз не? Этериумды қалай және қай жерде сатып алуға болады?

Эфир дегеніміз не? Этериумды қалай және қай жерде сатып алуға болады?

  • Этере (этерий, эфир) екiншi буын криптондық валютасының (ETH), оның әзірлеушілері Vitalik Buterin және Gavin Wood (Vitalik Buterin, Gavin Wood). Жоба 30 шілде айында басталды 2015

    Виталик Бутерин Ресейде дүниеге келген, Канадада өсіп, қазір Швейцарияда (Зуг) тұрады.

    Криптографиялық қорғалатын ақпараттық сақтау қоймалары арқылы ұсынылатын мүмкіндіктен максималды мүмкіндікті алу үшін екінші ұрпақтың крипто-валютасы (бірінші, Bitcoin және басқалардан айырмашылығы бар) жасалады.

    Қазірдің өзінде пайда болды, және алғашқы «etherium-kranes», және сатып алу-сату-айырбас этика (ETH), мысалы, CoinGeco, Polonix және т.б. сияқты биржаларда крипто-валюталарды пайдалана аласыз (әмиянды алдын-ала орнатып, қор биржасында тіркелген).

  • Этэйм - криптондық валюта. Бұл компьютерлік желіде бар электрондық валюта. Ether және Bitcoin тау-кен өндірумен немесе сатып алуға болады. Мұндай валюталар өте қымбат, өйткені олардың бағалары жылдан-жылға өсіп келеді, бірақ бұл шектеу белгісіз, ол белгісіз. Бұл валюта интернетте тиісті биржаларда сатып алынады. Біз осындай биржаны табамыз, тіркелеміз және сатып алуға қол жеткізе аласыз. Біз жүйеге ақша енгіздік. Бірақ мен әрдайым сатып алуға ештеңемен бастамауды ұсынамын, өйткені керемет крипто валютасы олар табуға болады. Тау-кен, бұл ерекше бағдарлама және қуатты видеокарта, жақсырақ нақты бренд. Барлық осы ақпарат криптопроның негізгі сайтында қол жетімді.

  • Қайырлы күн.

    Көптеген адамдар Bitcoin секілді криптондық валютаны жақсы біледі. Солай эфир (Ethereum) бұл сондай-ақ криптондық валюта. Бірақ этерийдің көп мүмкіндіктері бар (мысалы, криптондық валюта ретінде де, әртүрлі ақпаратты сақтау үшін де пайдаланылуы мүмкін).

    Бұл криптозалық валюта жақында өзінің мерейтойын атап өтеді.

    Осы крипто валютасын қайдан сатып алу туралы сұраққа келсек, сіз биржаларда этерий сатып алуға болады (мысалы, CoinGeco).

  • Эфирдегі дүкенде. Шын мәнінде, Этереум - бұл өздерінің криптографиялық валютасын Ether деп аталатын қатысушылары арасында есеп айырысу үшін пайдаланатын, бөлінген есептік жобаның атауы. Ethereum.org туралы ақпарат

  • Ethereum (Ethereum) - екінші ұрпақтың жаңа криптондық валютасы.

    Бұл крипто валютасының авторы жас әріптес Виталик Бутэрин.

    Алмасу бойынша крипто-валюта сатып алуға болады, мысалы Poloniex биржасында. Сіз сілтеме бойынша сол жерге жете аласыз.

  • info-4all.ru

    Эфир майының құрамы және әсер етуі

    Эфир майы күрделі химиялық құрамды болып келеді, оның химиялық қосылыстарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады:

    —  Терпендер — кең таралған қосылыстардың тобы. Антисептикалық болатын гармоналды, стимулдеуші, гипотензивті, релаксирлеуші әсер береді.

    —   Спирттер эфир майларының құрамына кіреді. Олар антисептикалық, антибактериалды, жылытушы, стимулдеуші қасиеттері бойынша біріктіріледі.

    —  Кейбір майлардың құрамына кіретін альдегидтер вирусқа қарсы белсенділікті арттырады, гипотензивті әсер етеді, ыстықты түсіреді.

    —  Фурокумариндер, кумариндер және лактондар ісікке қарсы мукалитикалық, антикоагуляцияланушы және адаптивті әсерлерді қамтамасыз етеді.

    —    Фенолды эфирлер антиспазматикалық және жалпы стимулдеуші әсерді қамтамасыз етеді.

    —  Фенолдар иммундық-стимулдеуші диуретикалық, мукалитикалық, антидепрессивті әсерлерді қамтамасыз етеді.

    Әрбір эфир майы көп компонентті және соған сәйкес көпфункционалды, бірақ эфир майының әсер етуі бойынша жалпы тенденциясы бар:

    —  Барлық эфир майлары — кез келген микроорганизмдерге қатысты белсенділіктің әр түрлі деңгейін көрсететін антисептиктер.

    — Барлығы психо-эмоционалды сфераға қолайлы әсер етеді.

    — Барлығы стимуляторлар, адаптогендер және седативті болып бөлініп, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.

    —  Барлығы иммунитетті стимулдейді, өзін-өзі реттеу процесін жаңартады.

    — Барлығы ас қорыту жүйесіне баланстық әсер береді.

    — Майлардың 70%-ы жазатын, ауруды басатын спазмаға қарсы әсерге ие.

    —  Майлардың 60%-ы жүрек-тамыр жүйесіне терапевтік әсер береді.

    —  Майлардың 40%-ы организмді қалдықтардан тазартады, у әсерін нейтралдайды, антиоксидант болып табылады.

    —  Майлардың 20%-ы ісікке қарсы және паразитке қарсы әсерге ие.

    Арома шегу (аромакурение) қарапайым дәрілік және дезинфекциялаушы болған және болып қала береді. Оларды металл ыдысқа салып түтатудың өзі жеткілікті, эфир майы таза, күшті иіс береді, оның әсері эффективті, оның иісінде түтін иісі жоқ. Жоғарғы

    концентрациялы фитопрепарат бола отырып, эфир майы шығыны өзіндік өсімдік шикізатымен салыстырғанда 4-5 есе төмен.

    Ароматты заттардың керемет қасиетін қолданудың бірнеше дәстүрлі тәсілі:

    1. Ингаляция.
    2. «Хош иісті бұлт».
    3. Ароматты майларды теріге жағу.
    4. Компресс.
    5. Ванна.
    6. Өзіндік дайындалған әтір.

    Адамзаттың ежелгі тәжірибесі қазіргі кездегі ғылым тұрғысынан тұжырым табуда. Адамға өсімдіктің ұшқыш заттарының қолайлы кешенді әсерінен оларды «аэровитаминдер» деп атады. Ароматтың мықты, өте терең әсері осы эфир майларының көптеген компоненттері адам денесін құрайтын маңызды заттар стероид, гармон, витаминдермен ұқсастығына байланысты.

    Биохимиктер белгілі бір эфир майларының психиологиялық, сонымен қатар эротикалық әсерінің адамның «иіс шығарғыш» молекулалары мен генетикалық бағдарламаланған иіс сезу рецепторларының әрекетімен тығыз байланысты екендігін дәлелдеді.

    Тіпті, мамандарды денсаулықтың өте әр түрлі бұзылыстарында иістің өте аз дозаларының эффективтілігі таң қалдырады. Бұл эфир майлары заттарды организмнің табиғи реттегіштерінің ішкі мобилизациясы үшін басқарғыш кілт рөлінде болатындығымен түсіндіріледі. Кейбір майлар, тіпті ішек паразиттеріне де қолданылады.

    Қазіргі кездегі ғылым көрсеткен тағы бір жол эфир майларының әсері онда антиоксидант — қағып алғыш молекулалар және бос радикалдар нейтрализаторларының жоғарғы концентрациясында болуымен байланысты.

    Зиянды микроорганизмдерден антибиотиктермен стерилизациялау арқылы құтылу әрқашан сәтті емес, өйткені олар өзгергіш ортақ бейімделушіліктің жоғарғы деңгейіне ие. Адам бактерияның дамуы мен белсенділігін өзіне қауіпсіз деңгейде бақылап отыруы керек.

    Табиғи өсімдік заттарының әсерін әрі қарай зерттеу бізге денсаулық пен ұзақ өмір кілтін беретініне, жаңалықтар алып келетініне күмәніміз жоқ.

    Вконтакте

    Facebook

    Twitter

    Мой мир

    ikaz.info

    Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі — реферат

    2. Тікелей эфир ерекшеліктері

    Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, «Тікелей эфир дегеніміз  не?» деген сауалдың жауабын іздестіруге  тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир– тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық–техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым–қатынастың айрықша тісілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс–әрекеттің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.

    Біз кедергі пішін ретінде  қарастырылған тікелей эфирдің  өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесі, кері байланыс, студиядағы хабар, ток–шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды.Тікелей эфир–аудиториямен қарым–қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты.Бұл жөнінде зерттеуші В.Л.Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші–журналистің тікелей эфирдегі табысы–кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің,тамаша тапқырлықтың жемісі»

    Ол рас, тек бұл тұжырымдама  тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескерілмеген. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші  болғанымен оның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір қимылдың қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс–әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек–бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан–аяқ рет–ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та, адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады.Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын–ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма–қол қарым–қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми–техникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отыры, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деумізге негіз бар. Тікелей эфир тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келтіретін қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келім шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.

     «Эфир» - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы «әуе толқыны».  Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық  тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат.

    «Айтылған сөз атылған  оқпен тең» деген халықтық нақыл  уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей  эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі  ережесі деуге әбден болады. Тікелей  эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа тәуелді құбылыс. Ал екіншіден тікелей эфир дегеніміз – теледидардағы интерактивтілік. Интерактив деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Енді сол кері байланыс орнататын құралдарға жеке-жеке тоқталсақ.  

    Бүгінде БАҚ-тың ішінде көпшілік қатынасында маңызды рөлді телевидение  атқарады. Егер телевидениені программаның жиынтығы ретінде қарасақ, онда талдау жасайтын негізгі зат телевизиялық хабарламаның спецификалық құрылым  болып табылады. Ондай жағдайда зерттеуші  әрекетке мәтіннің қатыстылығын зерттеуін  семантика проблемасына, не болмаса  мәтіннің ішкі элементтеріне айтарлықтай  қатысы бар синтактикаға көңіл аударыд. Егер телевидениені көпшілік ақпарат  тарату предметі процесі түрінде  қарастырсақ, онда талдау предметі хабарламаны  жіберуші мен аудитория арасындағы қатынасқа негізделеді. К. Шенон, техникалық байланыс арнасының өткізу мүмкіндігін  зерттеген кезеңде, ол басты бес  компонентті айқындайды: «қайнар  көз, таратқыш, сигнал, қабылдағыш, адресат, әрі ақпаратты таратуға әсер ету  факторы ретінде бөгеуілді (шуды) атап көрсетті». /4.121 б. 4. Ворошилов В.В. Журналистка. Санкт-Петербург. 2000.- стр. 121./. Мысалы, мұнда телеграмманы жіберуші қайнар көздің хабарлаушысы, телеграфист-таратқыш, (кодировщик) байланыстың бірінші жағындағы және қабылдағыш (декоровщик) байланыстың екінші жағындағы, ал телеграмманы алушы – адресат рөлін атқарушы болып айқындалады.

    БАҚ жүйесіндегі кері байланыс процесі аудиториямен түсіністік байланыс орнатудың бірден бір тиімді жол  болып табылады. Кибернетикадан БАҚ-қа келген «кері байланыс» ұғымы  бүгінде көпшілік-ақпарат өндірісінің  тәжірибесінде ұйымдастырудағы  орталық элементтердің біріне айналды. Ол, жалпы көріністе өмір сүру элементінің  жүйесі және пайда болу механизмінің белгісі ретінде, өзін-өзі реттеу теу мен ішкі үйлестірудің икемсізделуінсіз өз мәнін жояды. Көпшілік қатынасында  кері байланыс, белгіге жауап ретінде  – аудитория реакциясын білу немесе халық пен БАҚ арасындағы байланысты жандандырушы рөлін атқарады. Бұл  реакция жайлы білу тек іскерлік қатынаста ғана жемісті емес, ол эмоциональды-психологиялық жағдайда да керек. Кез келген шығармашылық натура өзінде сезім мен ойдың қарсылық әрекетін туындатады. Хабар жасау мен тарату және оны аудиторияның қабылдауы кезінде әрі оған әсер ететін қандай да бір жағдайлардың бәрінде де басқару процесі бар. Алайда, барлық басқару элементтерінде аса бір қажеттілік, ол кері байланыс процесі болып табылады. Сондықтан, коммуникатор өзінің қызметінде үнемі аудиторияның реакциясын және әрбір хабарламаны соның ыңғайына сай етіп жасауды әрдайым есепке алғаны орынды болар еді. Басқару қашанда ақпаратты тарату арқылы жүзеге асады. Ал, ол хабар әрбір студияға таратылуы үшін, коммуникатор кодировкалауды жасап, содан кейін ғана аудитория алынған мәтінді кодировка жасайды. Осы жерде маңызды бір сұрақ туындайды. Ол көпшілік ақпаратты хабарлау кезінде қай фактордың пайда болған шуылға әсер ететіндігі. Егер таза техникалық жағдайды есепке алмасақ, онда коммуникатор мен реципиентке әсер ететін қандай да бір параметрлермен байланысты факторларды ескеруіміз керек. Ақпарат кодировкасына көпшілігінде әсер ететін, әрі хабарлау кезінде мәнге ие болатын: а) сенім, бағалалықтан хабардар болу, қондырғы; б) хаардарлық (білім), шеберлік (ақылдылық), шығармашылық машық; в) қажеттілік, қызығушылық себепкер екендігі келіп шығады.  

    Журналистикада аудиториямен тікелей байланыс аса маңызды. Ол өзінің өмір сүру уақытынан бері өзіне  аралық қатынас мүмкіндігін иеленді. Ұзақ мерзім бойына газетегі жарияланым не радиодағы берілім бір жақты  қатынас түзілім болып табылып  келді., себебі автор оқырман не тыңдарманнан кері байланыс импульсін ала алмады. Бүгінде радио тыңдарманы сол  сәтінде студиядағы жүргізушімен бірлікте сұхбатқа араласып, өз пікірін білдіріп, не қойылған сұраққа жауап беріп  жататын мүмкіндікке толықтай ие болып отыр. Егер біз шын мәнінде  радио не теледидарда сұхбатқа дайындалсақ, онда сыртқы әлеммен байланыстағы коммуникатор рөлін күшейтуге тиіспіз. Кері байланыс процесі кезінде мына мәселелерді  әрдайым есте сақтаған жөн.

    1.    Көрермен әрқашанда  хабардың көңіл-күйге жағымды  әсер етуін қалайды. Олар экраннан  зорлық-зомбылық, өлім мен жәбірлеу, кемсітушілік секілді хабарламаларды  көруге құлықсыз. Олар үшін күнделікті, қарапайым өмірдегі жай нәрселер  қызғылықты. Көпшілігінде көрерменді  ел көлеміндегі игілікті істер  мен өмірдің түрлі саласындағы  күрделі мәселелердің шешілу  жолдары жайлы ұсыныстар қызықтырады. 

    2.    Көрерменді саясаттан  да гөрі, халықтың әл-ауқатын жақсарту  жолындағы басты тетік экономикалық  мәселелердің ел көлеміндегі  жағдайы мен тарих, тәрбие, өнер, мәдениет, қоршаған орта, тағам сапасы және тағы да басқа маңызды мәселелер толғандырады.

    3.    Бүгінде әлем  елдерінің көпшілігінде дерлік  алдыңғы кезекке этикалық және  мәдени проблемасы мәселесі шығып  отыр. Сондықтан осы бағыттағы  ашық пікірталасқа көрерменнің  өздерінің жиі әрі көптеп қатысқандары  орынды.

    4.    Көпшілігінде  эфирден балалар мен жастар, тәрбие  мәселесі сирек беріліп жүр.  Әрі қоғамдағы технологиялық  жаңарулар да қызғылықты тақырып  болып табылады.

    Кері байланыс арқылы тікелей  эфирде өтіп жатқан хабардың рейтингін, яғни таралымы мен көрілімін еш қиындықсыз аңғаруға болады. Егер хабарға қатысып  отырған қонақ қоғамдағы күрмеуі  шешілмеген мәселені талқылап жатса, оған халық тарапынан да қойылар сауал  аз болмайды. Ал, тек белгілі бір  топқа ғана қызық болып көрінетін, көпшілік аудиторияның сұранысына ие болмайтын тақырып халықты да, тіпті журанлистерді де қызықтырмауы мүмкін. Сондықтан тақырып таңдау журналист үшін бірінші нысан. Жүрізуші келген қонаққа халық тарапынан  қойылар сауалға жауап бермейтінін  де ескертіп қойғаны жөн. Теледидар  арқылы жүзеге асатын, көпшілік ақпарат  процесіндегі кері байланыс процесінің жүру барысы туралы доцент Құдайберген  Тұрсын жасаған схеманы А қосымшасынан көруге болады.

    2.3 Тікелей эфирдегі жүргізуші  қызметі.

    Тікелей эфирдегі жұмысты  жүзеге асыру сипаты өндірістегі  жоғарғы қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей эфирді шығармашылық-өндірістік процесс ретінде  қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер көрсетіп бергендей, тікелей эфирдегі жүргізушінің қызметі айрықша, кейді  тіпті, төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық сипаттағы  күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен қатар, арнайы психологиялық  дайындық қажет. Негізінде, тікелей  эфирдегі психологиялық ахуалды  қалыптастырудың іргетасы камера алдына барғанға дейінгі даярлық кезінде  жүзеге асатын нақты әрекеттер мен  тынымсыз ізденістер нәтижесінде қаланбақ.  Тікелей эфир жүргізетін журналистің  негізгі нысанасы-көрермен назары. Адамның назарын аудару - өте күрделі  құбылыс. Көрерменнің көңіл-күйін  басқару үшін оларды қажетті бағыттағы  әрекетке талпындыру қажет. Бұған көрерменнің психологиясын, мұқтажын, ұстанған көзқарасын, талпынған бағыт-бағдары мен әдет-ғұрпын қарқынды түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Журналистің тікелей эфирдегі жұмысы табысты болуы үшін оның өз аудиториясын жақсы білгені жеткіліксіз. Ол сонымен қатар өзін көріп отырған жұрттың бұл хабар туралы, онда сөз болған мәселе жөніндегі көзқарасынан, пікірінен хабардар болу керек. Олардың ойының өз көзқарасымен дәл келетін тұстарын, керісінше, қай мәселе төңірегіндегі олармен дауласып, нақты деректер ұсыну керектігін, қайсібір шақта олардың сезіміне тікелей әсер ету арқылы айтылған ой аясында ойланып-толғануы қажеттігін болжап алғанда барып, көрерменге емін-еркін тіл қатып, телефон желісіндегі әңгімеге етене араласып, тікелей эфирді ұршықша үйіріп әкетеді. Тележурналистің хабары эфирге шықпастан бұрын, оған жұрттың міндетті түрде назар аударатынына сенімді болуының өзі оның белгілі дәрежедегі даярлық деңгейін көрсетсе керек. Әлбетте, көрермен назарын аудару үшін бейнероликтер немесе көтеріліп отырған тақырыпқа сай бейнесюжет әзірлеп, таңғажайып мәліметтерді пайдаланып,  студияға халыққа танымал тұлғаны шақыру арқылы журналист жүргізіп отырған хабарын ғана емес, өзін де танымал етеді. Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың тағы бір кілтипаны – көрерменді өз сөзіңе сендіре білу. Бұл тәсіл қалай жүзеге аспақ? Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ташкентте өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясында сөйлеген сөзін былай деп бастаған екен: «Естігенімді айтсам өтірік болар, көргенімді айтайын». Міне, осы «көргенімді айтайын» деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік, батыл да айбарлы сенім жатыр. Демек өзгені өзіне сендіру үшін адам ең әуелі өзіне сенімді болуы керек. Олай болса, журналист өз тақырыбын тым болмаса сол хабар аумағына қажетті көлемде жетік, әрі жан-жақты меңгеруге тікелей міндетті. Табиғаты толық танылып болмаған, әйтсе де тележурналистканың күнделікті жұмыс процесіне айналып кеткен тікелей эфирдің мұндай психологиялық аспектілерін теориялық еңбектерге сүйеніп негіздеп, тәжірибе жүзінде соған мән берген жүргізуші-журналист эфирдің эстетикалық деңгейін арттырып, көрерменді өзіне біртабан жақындата түсері анық. Бірақ бұл процестің бәрі эфирге даярлықты қамтиды. Осының бәрін елеп-ескеріп, екшеп алған жүгізушінің эфирі өз деңгейінде жүзеге асуы шарт. Мұның өзі жүргізуші-журналистің шығармашылық интуициялық қарым-қабілетінің есебінен оң шешімін таппақ. Белгілі тележүргізуші, «Хабар» телеарнасының дикторы Қымбат Досжан тікелей эфирді «мылтықсыз майданға» теңепті. Сөзінің жаны бар. Тікелей эфир жүргізушісі экстремальды жағдайда жұмыс істейді. Бұл туралы белгілі зерттеуші Жидегүл Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты» еңбегінде былай деп жазады:

    «Тікелей эфирдегі жүргізушінің жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды  жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең алдымен, экстремальды факторларға  талдау жасауымызға тура келеді. Бұл, біріншіден, жұмысты жүзеге асыратын орындағы физикалық жағдай, (өте  күшті электромагнитті сәуленің шығарылтындығы, қолайсыз температура, ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты). Екіншіден шектен тыс аса жоғары жауапкершілік, үшінші қауіп, қорқыныш, үрей. Ендігі жерде, айрықша «экстремальды» қызметтің өзіне тән ерекшеліктеріне  назар аударған абзал. Олар:

    а) адамның жүйкесі, психикасы  тарапынан күш-қуаттың жұмсалатындығы, яғни энергияның шығындалатындығы,

    ә)  өзінің резервтік мүмкіндіктерін іске қосатындығы,

    б)  физикалық немесе психикалық жағынан қалжырауы.

    Мұндай ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы жүргізілген зерттеу  жұмыстары нені көрсетті: «Атап айтқанда, Т. Немчиннің жүйкеге түсетін  ауыртпалық жөніндегі Д. Спилбергердің  ахуалдық алаңдаулық мөлшері бойынша, М.Люшердің түрлі-түсті тестілеуден  жасалған психологияны қадағалау әдістерінің  нәтижесінде жүргізушілер, шолушылар, комментаторлар эфирге шығар алдында  жағымсыз психикалық ахуалды бастан кешірген екен. Бұл әлдекімдерден  ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса, кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу  сипатында көрініс табады. Көпшілігіне  алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену әсері тән. Олардың тән қызуы, қан қысымы көтеріледі. Жүргізушілер көңіл-күйіндегі алаңдаушылықтың  негізгі себептері уақыттың тығыздығынан, күтпеген жағдайларға тап болудан, өзін-өзі жеткілікті дәрежеде мойындамаудан, мейлінше қатаң қадағалаудан, өзін-өзі  барынша шектеуден туындайды. Ендеше, олар өздерін қолдауды және мақұлдауды қажет етеді». /5.59 б./. 5. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы. Қазақ университеті 2003.- 59 бет.

     

     

     

     

    Журналист – эфир – аудитория тізбегінен келіп, кәсіби этика – кәсіби деңгей – рейтингтік көрсеткіш сабақтастығы туындайды. Себебі, журналист тікелей эфирді жүргізгенде кәсіби этиканың принциптік негіздеріне сүйенеді. Ал тікелей эфирдің дәрежесі, жеткен биігі кәсіби деңгеймен өлшенеді. Шығармашылық шеберлік, технологиялық жүйелілік, техникалық сапа – соның сан-салалы тармақтары болып табылады. Техника дегенде, журналист үшін ең қажет құрал - микрофонға ерекше тоқталуға болады.     

    Микрофон дегеніміз грек тілінен аударғанда «микро»-шағын, «роне»- дыбыс деген сөз. Ал аудиотехника тілімен айтқанда, ол дыбыстың тербелісті электрлік тербеліске айналдыратын бірден-бір құрал. Шығармашылық тұрғыда  микрофонның кілтін табу - әрбір  журналист үшін қиын да, күрделі  іс. Өйткені, шағын дыбыс деген  мағынаны білдіргеніне қарамастан, бұл  құралдың эфирде негізгі тетігі ретінде  атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Әлбетте, теле, радио саласындағы журналист  өзінің сабақтаған ойын, жұптаған сөзін  көрерменге микрофон арқылы жеткізетіні  белгілі. Сондықтанда, жүргізуші шеберлігінің бір қыры оның микрофонды қаншалықты дәрежеде меңгергендігінде болса керек. Микрофон-өте сезімтал құрал. Ол жүргізушінің  көңіл-күйін, ішкі жан тебіренісін, тіпті, денсаулығының жағдайын, яғни тамағының ауырғанын, мұрнының бітіп  қалғанын- соның бәрін әп-сәтте  қағып алып, тіркеп қояды. Одан әлденені жасыру қиян-ақ. Тегінде «сөйлеуші  үшін микрофон- жүрек, жүйке, ми қызметінің ахуалына әсерлі із қалдыратын айрықша  толқу әрекетінің қайнар көзі». Мейлі  тікелей эфирде болсын, мейлі алдын-ала  студияда жазылған хабар болсын микрофонмен  бетпе-бет келгенде кім-кімнің де бұл  күйді бастан кешіретіні анық. Олай болса тікелей эфирде хабар жүргізетін журналист-жүргізуші эфир басталмас  бұрын психологиялық жағынан  алдын-ала арнайы ахуал қалыптастыруы  қажет екенілігін ескергендігі ләзім. Демек, жүргізуші өзінің микрофоннан  айтатын сөзінің мән-мағынасын, мазмұнын, тақырыптық ерекшелігін, соған сәйкес таңдалып алынған дауыс ырғағын, тіл қату мәнерін, дыбыс реңкін кәдімгі  сценарийлік жоба тәрізді ой елегінен өткізіп, іштей әзірленуі тиіс. Сонымен  қатар тікелей эфирде уақыт санаулы. Әңгіме ауаны бір бағыттан келесі бір бағытқа ауысуы мүмкін. Сондықтан  да тікелей эфирдегі хабардың даму желісіне мұқият көңіл бөлген жөн. Басқасын былай қойғанда, хабар басталған  кезде асығып –аптығып, әрең үлгеріп  келеген жүргізуші ентігін басып  болмастан эфирге шықса, міндетті түрде  соның бәрі байқалып тұрады. Әрине, жылдар бойы тікелей эфирге бойы үйреніп, микрофон алдына келгенде түк болмағандай  қаннен-қаперсіз қалыпқа түсіп, микрофонды өзінің жан дүниесінің сенімді серігіне айналыдып, сергек те сезімтал көңіл күймен күнделікті өзінің жұмысына кірісіп кететін жүргізуші некен-саяқ. Мұндай тапқырлық эфирге қызмет ететін журналистердің әрқайсысының маңдайына жазыла бермесе керек.

    referat911.ru

    Эфир (химия) — Уикипедия

    Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

    Эфирлер– құрамында оттек бар органикалық қосылыстар; спирттер молекуласындағы гидроксил тобының сутек атомын радикалға алмастырғанда эфирлер алынады.[1]

    Олар жай және күрделі эфирлер болып негізгі екі топқа бөлінеді. Жай эфирлердің жалпы формуласы R – O – R немесе R– O– R' (R, R' – органикалық радикалдар). Екі радикалы бірдей жай эфирлер – симметриялы эфирлер, радикалдары әртүрлі жай эфирлер аралас эфирлер деп аталады. Жай эфирлер өздерінің құрамындағы радикалдар бойынша аталады: СН3–О–СН3 диметил эфирі, СН3–О–С2Н5 метил-этил эфирі, т.б. Жай эфирлер ұнамды иісті, суда нашар еритін, ұшқыш, органиалық еріткіштерде жақсы еритін, сілтілер мен сілтілік металдар әсеріне тұрақты, бейтарап, активтігі нашар қосылыстар. Жай эфирлер негізінен спирттерді немесе олардың алкоголяттарын галогенакилмен алкилдеу арқылы алынады: RОМе+R ХRОR+МеХ. Жай эфирлердің ең маңыздысы – этил эфирі (ол көбіне эфир деп аталады). Эфирлер этил спиртін сусыздандыру арқылы алынады. Жай эфирлердің көпшілігі лабораторияларда және өндірісте еріткіш ретінде, органиканикалық синтезде, медицинада, т.б. қолданылады.

    Күрделі эфирлер – қышқыл құрамындағы сутек атомын (карбон қышқылдарындағы карбоксил тобының сутек атомын) алкил немесе арил радикалдарымен алмастырғанда түзілетін қосылыстар. Күрделі эфирлерді алудың кең тараған әдістеріне эфирлену (қышқыл мен спирттің әрекеттесуі) реакциясы жатады. Бұл – белгілі бір сатысында тепе-теңдік күйге келетін қайтымды реакция. Күрделі эфирлердің ең маңызды химиялық қасиеттерінің бірі – сабындану реакциясы (гидролиз). Күрделі эфирлер табиғатта кең таралған. Олардың көбі эфир майларының құрамында болады. Глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлері табиғи майлардың негізін құрады. Күрделі эфир техниканың, өндірістің әртүрлі салаларында кең қолданылады. Мысалы, күкірт қышқыл күрделі эфирлері алкилдеу реакцияларында, қағаз өндірісінде, фосфор қышқыл күрделі эфирлері өсімдіктер зиянкестеріне қарсы қолданылады. Кейбір эфирлер тамақ және парфюмерия өндірісінде, дәрі-дәрмек дайындауда, органикалық шыны жасауда, еріткіш ретінде, т.б. қолданылады.[2]

    Тағы қараңыз

    Пайдаланған әдебиеттер

    1. ↑ Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8
    2. ↑ Қазақ энциклопедия

    kk.wikipedia.org

    «Эфир», Пейджер

    «Эфир» – сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы «әуе толқыны». Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат.

    «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі ережесі деуге әбден болады. Тікелей эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа тәуелді құбылыс. Ал екіншіден тікелей эфир дегеніміз – теледидардағы интерактивтілік. Интерактив деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Енді сол кері байланыс орнататын құралдарға жеке-жеке тоқталсақ.

    Пейджер. Біржақты, соған қарамастан, кері байланыстың ең тиімді түрі. Эфирлік студиядағы пейджерге көрермендердің жүргізушіге айтқан тілектері, жолдаған құттықтаулары келіп түседі, ал жүргізуші жауапты тікелей эфир арқылы береді. Респубикалық деңгейдегі телеарналарда жүретін тікелей эфир хабарлары қазір пейджерді пайдаланбады. Өзіміз күнде көріп жүрген Оңтүстік Қазақстан облыстық телеарнасындағы «Таң жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламасында пейджердің алатын орны ерекше. Көптеген құттықтаулар мен тілектер, сауалдар, кейбір ұйымдастырылған ойын жауаптары пейджерге толассыз түсіп жатады. Телефон желісі бос болмағанда пейджер көрермен үшін көп көмегін береді.

    el.kz