Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер. Эфир майлы өсімдіктер
Эфир майлары — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады. Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150 – 200-ге жуық түрлерінен алынады. 1500-ден астам эфир майлары зерттелген. Олардан 500-ден аса қосылыстар бөлініп алынды, жеке эфир майлары құрамында 5 – 20 түрлі қосылыстар болады. Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады. Олар өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен шаймалау және қысу, т.б. әдістер арқылы алынады. Эфир майлары қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары, жасыл, қоңыр сұйықтық. Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады және өзінің иісін өзгертеді.[1]
Қолданылуы[өңдеу]
Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде қолданылады.
Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген.[2]
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
kk.wikipedia.org
Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер — реферат
Сүт малдарының азық рационына зиренің көк қоспасын қосқанда, олардың сүті молаятыны да анықталды.
Татымды көк ретінде жапырақтары мен жас сабақ бұтақтарын асқа қосады, ал пісірілген тамырларын сорпаға тұздық ретінде пайдаланылады.
Зиренің мәуесі ащы татымды, дәмді қышқыл келеді, оны нан өнімдеріне және ірімшік қайнатқанда, капустаны тұздағанда, алманы жібіткенде және арнаулы сорпалар мен тұздықтарға хош иіс беру үшін пайдаланылады.Сонымен қатар, дәрі-дәрмекке, сусындарға, арақ-шарапқа, нан өндірісіне пайдаланады.
Зире - 2 жылдық өсімдік, яғни мәуесі екінші жылы ғана құралады, ал бірінші жылы жапырақ дегелектері мен тамыржемісі өседі. Жапырақтары екі түрлі-үш қат-үпілдек. Екінші жылы гүлді, бұтақты биіктігі 60-80 см келетін сабақ өседі. Мәуесі шілде айында піседі және құрғаған кезде үгітіліп түседі. Мәуесі - сопақша-жұмыртқа тәрізді, екі бүйірі қысыңқы, ұзындығы 3-5 мм, күңгірт-қызыл қоңыр, қабысқан.
Зирені тұқымнан өсіреді. Ерте көктемде немесе күздің аяғында, тұқым пісіп жетіле бастағанда (себуге жас тұқымды, өткен жылғыдан ескі емес тұқымды алады) себеді. Оны қатарлы әдіспен тамыр - жемістілерден немесе бұршақ тұқымдастарынан (азотты тыңайқыштарына бай дақылдардан) кейін себеді. Дәндері 7-80С 18-25 тәулікке өседі. Зире топырақ таңдамайды, сонда да ылғалды, құнарлы, терең өңделген құмайт немесе әкті саздық жерде жақсы шығады. Бірінші жылы баяу өнеді, сондықтан жиірек егу керек. 2-3 жапырақ шыққанан кейін жас көктерді сиретеді. Екінші жылы мәуелері әбден пісіп жетпей тұрып, оларды жинайды. Зирені ертемен шық кетпей тұрып немесе түнделетіп жинаған жөн. Пісіп-жетілген және кептірілген дәндерді жақсы жабылған ағаш ыдыста сақтайды.
Фенхель «Foniculum vulgare Mill» Кәдімгі фенхель немесе дәріхана аскөгі, белгілі татымды және шипалы өсімдік.
Мәуесінде 8-6% эфир майлары бар, олар жартылай (50-60%) анетолдан және 20% дейін майдан тұрады. Көктері эфир майларына, аскорбин қышқылына, каротинге, рутинге бай.
Фенхельдің шипалық қасиеті көптен белгілі, бауырды, бүйректі, тұмаурату ауруларын, көз ауруларын емдеуге қолданылған.
Мәуесі жел айдау дәруі ретінде пайдаланылады. Іш босату дәрулері құрамаса мен жөтел дәруі құрамына кіреді. Эфир майларынан аскөк суын дайындайды. Ыстық тұндырманы қолданады: 2-3 шай қасық ұсақталған мәуені бір стакан қайнаған суға тұндырады (10 минут), електен өткізеді (тәттілеуге болады).
Тағамға көкөніс фенхельдің «домалақ бастарын», тамырлары мен жас сабақ- бұтақшаларын балауса күйінде немесе пісіріп пайдаланылады.
Фенхель - диеталық аса бағалы азық. Басқа татымды көкөністардің эфир майларының молдығымен өзгешеленеді, мұның өзі организмге жақсы әсер етеді: тәбет ашады, ас қорытуды жақсартады. Жас жапырақтары салатқа жарайды, сабақтарын қияр тұздағанда пайдаланылады, жас сабақ-бұтақшаларын ағартып, пісіріп жеуге болады.
Сырт көрінісі аскөкке ұқсас. Бұның биіктігі 1-2 метрдей, бір- екі және көп жылдық өсімдік. Жапырақ- сағақтары кең, таспаланып тар жарнақтарға тілімделген. Мәуесі сопақша, цилиндр тәрізді.
Фенхнельдің көктемде әлде жаздың аяғында құнарлы, жақсы өңделген жерге себеді. Күзде өсімдікті көңмен немесе шіріндімен жабады. Фенхельді тұқым себу арқылы немесе вегетативтік әдіс- бұталарды бөлу арқылы өсіреді. Тұқымды кең қатарлы әдіспен егеді. Отағаннан кейін өсімдікті араларын 15-20 см етіп сиретеді. Шырынды, қалың жапырақ- сағақтары биязы болу үшін сабағы жуандағанда өсімдікті түптейді. Ерте өнім алу үшін фенхельді көшет арқылы өсіреді.
Анис «Pimpinella anisum». Кәдімгі анис көне заманнан бері өсіріледі: тұқымдары, тіпті, тас дәуірдегі тіреулі үйлерден табылған.
Анистің шыққан жері - Кіші Азия, Көне Египет пен Үндістанда егіп өсіріледі, Гиппкраттың жазбаларында айтылған. Мәуесі үшін өсіреді, онда негізінен анетолдан (80-90%) тұратын 2-3% эфир майлары бар.
Мәуесін емдік мақсатқа: қақырық түсіретін, ішек қызметін қоздыратын және жел айдайтын дәру ретінде пайдаланылады.
Болгар халық медицинасында анистің мәуесі тыныс мүшелері ауруларын (жөтелді, дауыстың жойылуын), бадамша бездің қабынуын емдеуге және бүйрек пен қуықтың қабынуына қарсы дәру ретінде қолданылады. Гепатидтер мен бүйрек- тас ауруларын емдейтін қоспалардың құрамына кіреді. Анис мәуесін жұмыртқа белогына қосып, күйікті емдейді.
Ішу үшін ұсатылған мәуелерден тұндырма жасайды (1-2 шай қасық мәуені 1 стакан қайнаған суға салып, 15 минут тұндырады). Осы дозаны бір күн бойы ұрттап ішеді.
Мәуелері нан түрлерін пісіргенде татымды зат ретінде пайдаланылады.
Бір жылдық өсімдік, биіктігі 30-50 см. Жапырақтары 3 түрлі: тамыр жатырақтары ұзын сағақты, тұтас жүрек тәріздес, тілік-тісті, бұлардан кейінгі жапырақтар да ұзын сағақты және ірі үш жарнаққа бөлінген, шеттері ара тістес, жоғарға жағы- отырмалы күйде дәрлік, 3-5 қысаң жарнақшалары тілінген. Мәуенің сырты кедір-бұдыр, формасы жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 4 мм, сүйкімді хош иісті, тәтті- татымды дәмі бар.
Оңтүстік өсімдігі ретінде анисті жылы климатты аудандарда, салқын желдерден сақтандыратын күн шуақты жерлерде өсіреді. Ал солай болса да көктері суық ұрудан қорықпайды. Топырақ қопсытылған, құнарлы, әкті немесе сазды құмдық болғаны жөн. Ауыспалы егісте тамыржемістілерден не бұршақ тұқымдастарынан кейін орналасады. Тұқымды алдын-ала (күзде) терең жыртылған жерге 8-100С-де ерте көктемде (наурыздың аяғы –сәуірдің басында) себеді. Және шашып немесе қатар аралық әдіспен себеді. Себілгенен кейін 18-20 тәулікте көктейді, оған күшті қуаңшылық, аңызақ желдер мен арам шөптер зиянын тигізеді, олар өнуіне кедергі жасап, көктерді өсірмейді.
Иісті шөптер. Бұрыш жалбызды,қияр шөпті,саралжынды үй маңындағы учаскелерде көп өсіреді.Олардың әр түрлі тағамға тұздық ретінде пайдаланады.Оларда эфир майлары,микро-макроэлементтер,органикалық қышқылдар,витаминдер,фитонциттер бар.Ішек қарын ауруларын емдеуге,қырқұлаққа қарсы дәру ретінде қолданылады.
Бұрыш-жалбыз-Шалфей лекарственный «Salvia officinalis» Бұрыш жалбыз- көпжылдық қалың бұталы, тамырлы, шөпті ерінгүл тұқымдас өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қысқа сағақты,
2 жағынан майлы безшелермен көмкерілген, осы безшелер эфир майын бөледі, дәмі тілді қуырарлық ащы болғандықтан да аты- «бұрыш жалбыз» деп аталған. Бұрыш жалбызының 2 түрі бар: қара- жапырақтары мен сабағы қоңырқай, қызғылт-күлгін реңді және ақ- сабағы мен жапырақтары ашық-жасыл түсті.Ақ түрі ерте гүлдейді, нәзік хош иісті майымен көзге түседі, бірақ аяз бен құаңшылыққа төзімсіз.
Жалбыздың хош иісін көне гректер мен римдіктер жоғары бағалаған, оның иісінде жақсылықтың нышаны бар: көңіл көтереді, ұнамды әңгімеге жол ашады деп есептеген, сондықтан болар, атақты қонақтар келер алдында бөлмага жалбыз суын бүрку римдіктерде дәстүрге айналған-ды. Рим тарихшысы Плиний үлкен өсімдіктің ой қызметін келгізетін қасиеті бар деп есептеп, жас жалбыздан жасалған венокты басына үнемі киіп жүретін болған.
Бұрыш жалбыздың жер үстіндегі мүшеларінің бәрі эфир майларына бай. Ол әсіресе гүлдерінде көп (4-6%), жапырақтарында аздау (2,40-2,75%), ал сабағында аз (0,3% дейін). Жалбыз майына негізінен хош иіс беретін және физиолгиялық белсенді компоненті- ментол (40-65%) мен оның туындылары. Өсімдікті әсіресе ұзақ әрі ұсақталған күйінде сақталған кезде май бірте- бірте ұшып кетеді. Жапырақтарында рутин және каротин бар.
Құрған жапырақтарында татымды- хош иіс және шайнаған кезде ауызды мұздататын ащы- татымды дәм болады. Оларды халық медицинасына асқазан ауруларына, жүрек айнығанда, ас сіңіруді жақсарту,газ шығару, іштің түйілгенін басу дәруі ретінде пайдаланылады. Өт айдайтын, тыныштандыратын дәрулердің (шайлардың) құрамына енеді.
Ем үшін жалбыздың ұшын жапырақтарымен қоса, шанақтану кезеңінде немесе гүлдей бастаған кезде жинаған жөн. Кептірілген және ұсақталған жалбыз тұндырмасын қолданады, оны былай жасайды: 1 ас қасық жалбызға 1 стакан қайнап тұрған су құяды да оны қақпақпен жауып, ыстық суда 30 минут ұстайды, әлсін-әлсін былғайды, содан соң електен өткізеді, бұған термосты да пайдалануға болады. Жалбыз тұндырмасын ас қасықпен 2-3 сағат сайын ішеді. Сондай-ақ жалбыз жапырақтарынан істелген ұнтақты да 1 шышшым салып, тәулігіне 1-2 рет ішеді. Жапырақтардан істелген тұндырманы тіс еттері қабынғанда шаю үшін пайдаланады.
Жалбыз майы дезинфекциялау мен ауруды басатын дәру ретінде-жалбыз дәрілерінің, асқазан таблеткаларының, тіс сұйық дәрмектерінің, тіс пасталарының негізгі компоненті, ал сүт қантымен (метол ұнтағы), вазелинмен (ментол вазелині) қоспасы тұмауға дәрі болады. Жалбыз майы Трасковтың демікпеге қарсы микстурасының, қалта ингаляторының, бас сақинасы қарындашының (парафинмен қосындысы) құрамына кіреді. Сондай-ақ тыныштандаратын және жүрек дәруі ретінде қолданылады, корвалол, валокардин құрамына кіреді. Невральгия ауруларында, бас сақинасына, тіс ауруына малма етіп және де хош иісті ванна (тыныштандаратын) түрінде пайдаланылады.
Жалбызды косметикада терінің тітіркенуін азайтатын тұтқыр дәру ретінде қолданылады. Жалбыз тұндырмасының малмасын басу, үйкеу теріні сергітеді, қышыманы басады, ал жалбызбен ысу маусымды инфекциядан сақтайды деген де ұйғарым бар.
Бұрыш жалбызы Кавказдың, Орта Азияның ұлттық тағамдарында хош иісті тұздық ретінде қолданылады, ол асқа тәбет ашатын сергітерлік сүйкімді хош иіс береді. Жас жапырақтары шайды, көкөніс пен жеміс тұздықтарын, соустарды хош иістендіреді.
Жалбыз тікен, құлқайыр-«Althaea officinalis L». Құлқаыр тұқымдасына жататын, биіктігі 15-2 м жететін, бұтақсыз жуан тамырлы өсімдік. Жер үсті бөлігін жұлдыз тәрізді түк басқандықтан, түсі көкшілденіп тұрады. Жапырағының сағағы қысқа, сұрғыштау, шеттері ара тісті, жалпы формасы жұмыртқа тәрізді. Жапырағының 2 беті де ұйысқан түкті. Июньнен сентябрьге дейінгі аралықта гүлдейді. Бұл өсімдікті Қазақстанның кез-келген жерінде, әсіресе Оңтүстікте жиі кездестіруге болады. Ол ащылы шалғындарда, тау баулайлары мен жоталарда, өзен жағалауларында өседі. Жалбыз тікен немесе құлқайыр дәрі-дәрмектік өсімдік ретінде барлық елдердің фармакопеясына енген. Медицинада негізінен тамыры қолданылады. Кейдк жапырақтары мен гүлдері де кәдеге асады. Тамырынада негізгі әсер ететін заты шырыш, ол 35% мөлшерінде кездеседі. Ал жапырақтарында шырыш 2 есе аз. Сулы тұнбасын қақырық түсіру үшін, сондай-ақ тыныс жолдарының қабырғасын майлау үшін пайдаланады. Жалбыз тікеннің тамыры көптеген дәрінің құрамына енеді.Ұнтақтарын араластырып тағамға пайдаланады.Сесебі онда қант, крахмал және 14, 17 миллиграмға дейін С виитамині бар.Жапырағы мен гүлінде эфир майлары болады. Ол валериан иісті. Ауызды шаю үшін қайнатылған сулы тұнбасы пайдаланылады. Кептірілген жапырақтарында А провитамині және каротин болады. Халықтық медицинада жөтелген, тәбет арттыруға және түрлі улануға қарсы қолданылады. Сырты түрлі ісіктерге, күйіктер мен теміреткіге де пайдаланылады.
Түймедақ-ромашка «Matricaria L». Түймедақ- астра тұқымдасы, иісті 1 жылдық өсімдік, онша биік емес-35 см дейін. Дәрі- дәрмек үшін қолдан өсірілген түймедағының сапасы жабайы түймедағынан тәуір болады.
Дәрілік түймедақ-ромашка лекарствен. «Matricaria chamomilla L». (басқа аты- кәдімгі түймедағы) антик заманнан-ақ әсемдіктен гөрі, көбіне дәрілік өсімдік ретінде белгілі болған. Ол Үлкен Плинийдің, Гиппократтың, Диоскоридтың еңбектерінде баяндалған. «Мarticaria» тектес аты гректің «matrix»-жатыр деген сөзінен шыққан, «matricaria»-жатыр шөбі делініп, осы өсімдікті әйелдер ауруларына қолданғандықтан алынған болар, ал түр-тұқымды аты-cnamomilla екі сөзден тұрады, «cnama»-аласа, «mellon»-жер алмасы, сірә, алманың иісіндей иісі болғандықтан айтылған болар.
Түймедағы гүр табақшасының негізгі құрамды бөлігі- эфир майлары (0,12-0,45% дейін) және гликозид- апиин. Эфир майларының ең бағалы бөлігі-хамазулен деп аталған азулен, ал майдың басқа бөлігі белсенді емес. Бұдан басқа табақшада прохамазулен- матрицин, аз мөлшерде аскорбин қышқылы, каротин, қыша, шырыш, салицил және басқа органикалық қышқылдар.
Дәрілік түймедағының шипалық қасиеті ондағы заттардың жиынтығна байланысты. Хамазулен қабынуға қарсы, спазмаға қарсы және жел шығаруға әсертетеді, сондай-ақ әлсірететін аллергиялық реакциясы да болады. Апииннің спазмаға қарсы әсері бар. Түймедағынан жасалған дәрілерде ішек түйілгенде, іш кепкенде, іш өткенде, етек кір келгенде және тер шығару үшін де ішеді, қабынуға қарсы және антисептикалық дәру ретінде шаюға, малма, ванна, клизма жасауға қолданылады. Русьтегі халық медицинасы ерте кезден-ақ шашуға, сарпқа, мысқылға, бас сақинасына, ұйқысыздыққа үй дәру ретінде қолданған. Болгарияда гриппке буын ішке жұтуды, тіс ауырғанда (шаюды), асқазанның уытты жарасында (ішуді), қабақ қабынғанда (малма), тершеңдікке (ванна), экземаға, сыздауыққа (компресстер) қолдануды ұсынады. Ішу үшін сорғыш дәру дайындайды- 10 шайқасық түймедағына 2 стакан салқын су құяды да 8 сағат тұндырады (1-2 тәуліктік доза) немесе тұндырма жасайды 15 г ұнталған гүлдерге 1 стакан қайнаған су құяды да 45 мин.тұндырады, електен өткізеді (тәулігіне 3-4 рет 1 ас қасықтан ішеді). Сыртқы аурулар үшін ыстық тұндырма жасайды. 2-3 ас қасық өсімдікке ыстық су құйып, 1 сағат тұндырады.
Косметикалық мақсатта түймедағының қайнатпасымен шашты жуады (шаш алтындай сарғыш түске енеді) немесе бетті қою шырмен жуады (бет терісі барқыттай болады). Түймедағыдың тұндырмасы содай-ақ қабақтың шаршағанын, қыздырғанын басады, терінің босаңсығанын азайтады, оған икемді жеңілдік береді.
Құрқагүл. Көпжылдық (құртқашаш тұқымдасы) биіктігі 50-90 см келетін, көлденең, тармақталған, жуан, тығыз көгентамырлы өсімдік.
Бозғыл құртқагүл (басқа аты- құртқашаш) өсімдігі әсемдік жағынан ғана емес, дәрі-дәрмек жағынан да белгілі. Шыққан жері- Жерорта теңізінің жағалауындағы таулы жерлер.
referat911.ru
Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер — реферат
Құрқагүл көгентамырының дәрі-дәрмектік маңызы бар, оны шегіргүл хош иісі болғандықтан «шегіргүл тамыры» деп те атайды. Онда 0,1-0,2 % эфир майы бар, мұның басты құрама бөлігі кетон-ирон және гликозид- иридин болып табылады. Сонымен қатар қант крахмал, май, илік заттар,орг-қ қышқылдар, шырыш, смола бар. Эфир майының қақыртатын қасиеті бар. Халық медицинасында өкпе қабынғанды, баспаны, шеменді емдейді. Қабығынан аршылған және үгітілген көгентамыр инфекция түскен жарақаттарды, жараларды, жыланкөздерді емдеуге, сеппе және косметикалық опа күйінде терінің түршуін басу үшін, сепкілдерді кетіру үшін пайдаланады. Осы мақсатқа тұндырманы да қолданады: 1 шай қасық ұнталған тамырды 1 стакан суға салып, 3 сағат тұндырады (тәулік дозасы).
Аюбалдырған-дягиль «Heracleum L». Аюбалдырған-ірі, сыртын түк басқан, шөп сабақтас өсімдік. Шатыргүлділер тұқымдасына жатады. Жапырақтары қауырсын тәрізді, тілімделген. Биіктігі 1,5 см-ге дейін жетеді. Тостағаншасы араның жүзіне ұқсайды.
Күлтесі ақ, сары, жасыл түсті болып келеді. Тамыры ұршық тәрізді, тамыр мойыны жалаңаш. Жоғарғы жапырақтары отырмалы, ал төменгі жапырақтары қынапты сағақты. Гүлі шатыр құрайды. Діңгек шатыры қос жынысты, ал жанама шатыры көбіне аталыққа толы. Июльде гүлдейді, августе жеміс береді. Аюбалдырғанның Қазақстанда 2-ақ түрі бар. Соның бірі салалы аюбалдырған. Ол көбінесе ылғалды жерлерде, өзендердің, бұлақтардың жағалауларында, таулы жерлерде, ағаштар мен бұталардың арасында кездеседі. Кей жерлерде жас сабағын тағамға пайдаланады. Жас жапырағы мен сабағында С витамині бар. Жас кезінде жылқы, қой жақсы жейді. Гүлі бал береді. Гүлденген мезгілде эфир майы болады. Аюбалдырғанның жемісінде жағымсыз иіс болады. Ол иіс эфир майына байланысты. Аюбалдырғанның тұқымында көптеген алкалоид бар. Оның эфир майлары күн бұлтты күні денеге тисе теріні күйдіреді.Себебі эфир майлары мұндайда ұшып, ауаға тарап кетпейді, ол өсімдіктің ұлпасына көптеп жиналады. Аюбалдырған жасыл, пісіп жетілген кезде ірі қара тез уланады.Уланған малдың аузынан сілекей, көзінен жас ағып, жалпы әлсірейді. Малдың артқы аяқтарының сіңірі тартылып, жүрегінің соғуы нашарлайды.
Сасыр-Ферула «Ferula L». Көп жылдық, шөп сабақтас, шатыр гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Сабағы жуан, биіктігі 2 метр дейін жетеді. Жапырақтары тілімделген. Қазақстанда сасырдың 47 түрі өседі. Көпшілігінде шайырлар болуына байланысты техникада пайдаланады. Кейбіреулерінде эфир майлары болады. Тіпті сасырдың тамаққа пайдаланатын түрлері де кездеседі.
Жаңғақ сасыр-F.songorika Pall. Көбінесе далалы таулы жерлерде кездеседі. Май, июнь айларында гүлдейді. Бойында шайыр көп.Тамырында желімдік зат және 1% дейін эфир майлары болады. Тамыры скепидар иісті. Сондықтан да бұл өсімдіктің тамырырын «скепидар тамыры» деп атайды. Қазақтар бұл өсімдікті сырқырама ауруларына қарсы пайдаланған. Сондай-ақ іш тоқтататын дәрі ретінде де пайдаланады. Халықтық медицинада тамырының жіңішке талшықтарын сырқыраған буындарды ысқылайды. Ресми медицинада қолданылмайды. Тамырын ерте көктемде және күзде жинайды. Жер үсті бөлігі құрғағаннан кейін жиналады.
Түбірлі сасыр-«F.ferloidea (stend)». Көбінесе далалы жерлерде, Ертістің жағалауында Зайсан, Нұр көлінің маңайында кездеседі. Майда гүлдейді, июньде жеміс береді. Тамыры және жапырақтары мал азағы болып есептелінеді. Әсіресе түйе жақсы жейді. Жылқы тіпті жемейді. Ірі қара мен ұсақ мал бұл өсімдіктің шөбін дақылды шөптермен араластырып жейді. Жапырағында шайыр болмайды, тамырында 8,1% дейін қант, 36,9% дейін крахмал, 2,7% эфир майы және 35% шайыр бар екендігі анықталған.Сасырдың кейбір түрлері улы, әсіресе гүлденгенге дейін улылығы күшті болады. Гүлденгеннен кейін улылығы жойылады.Уланған малдың аузы және мұрнынан қан кетуі мүмкін.
Киік оты-зизифора «Ziziphora». Көпжылдық, бүтін жапырақты, шөп сабақтас өсімдік. Киік отының Қазақстанда 2-түрі өседі.Тостағаншалары қоңырау тәрізді, бес бөлікке тілімделген. Сырты түкті. Жемісі жаңғақша, қоңыр түсті.
Кәдімгі киік оты. Биіктігі 35-80 см. Көп жылдық өсімдік. Сабағы жоғары бағытталып өседі. Июль, августье гүлдейді, сентябрьде жеміс береді. Киік отында 0,2% эфир майы болады.Эфир майының 6,7% тимол, сондай-ақ илік зат пен бояғыш заттар да жеткілікті.Тұқымында 28% мөлшерде тез қататын май болады. Киік отының эфир майы мемлекеттік фармакопияға антисептик дәрі ретінде негізілген. Киік оты үй тұрмысында түрлі паразиттерге қарсы пайдаланады. Халық медицинасында көбінесе түрлі асқазан ауруларына, тыныс жолдарының түрлі ауруларына қарсы, ұйқы қашқанда, құяңға және бұлшықет тартылғанда қарсы қолданылады. Киік отының жапырақтары мен гүлінің компресс ретінде сыртқы бөртпеге ванна ретінде пайдаланады. Балгардың халық медицинасында нерв жүйесін реттейтін, асқазан ауруларын емдейтін және тер шығаратын, қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдаланады. Сыртқы денедегі теміреткіге қарсы қолданады. Киік отының тамақ өнеркәсібінде, әсіресе арақ-шарап өндірісінде, ал иісті жапырақтары түрлі овощтарды тұздағанда иіс шығару үшін, сондай-ақ парфюмерияда сабын мен иіс су дайындауға пайдаланады.
Татымды хош иісті өсімдіктер. Көне заманда көптеген татымды өсімдіктер алтынмен, аң терілерімен пара-пар бағаланған. Хош иісті мята (жалбыз)- адам парасатын бейнелеген құдай әйел Мятаның құрметіне латынша осылай атаған. Көне гректер мен римдіктер мятаның иісі адамның ақылын көбейтуге септігін тигізеді деп есептеген. Татымдылардың тағамдық қасиеті аса жоғары емес (оларда белок, май, көміртегі аз), ал олар ерекше қайталанбас хош иісімен бағалы, олар иісті заттардың аса күрделі қоспасын-организмге игілікті әсер ететін эфир майларын құрайды. Оларға: ваниль, лавр, қалампыр, мускат жаңғағы, хош иісті бұрыш, кинза (кориандр, тархун (эстрагон), көк пияз, сарымсақ, ақжелгек, ақжелкен, балдыркөк, аскөк, жалбыз, запыран, зире, анис, фенхель, әшкөк, т,б.
Аскөк-укроп «anethum» Татымды көк біздің дастарханға ерте көктемде организмге көктемгі дем беруші ретінде келіп, оны қысқы витамин тапшылығынан құтқарады, солардың ішіндегі алғашқысы- иісті бақша аскөгі.
Аскөк өсімдігінің барлық бөлігінде эфир майлары (1,5%) хош иіс беріп тұрады, олар көбіне мәуелерде жинақталады (2,8-4%). Бұл майдың құрамына карвон (мәуелерде- 50% дейін, шөпте- 16% дейін) кіреді. Емдік мақсатқа: гипертония ауруына, ұйқы қашқанда, бауыр мен өт жолдары ауруына, емізетін әйелдердің сүтін көбейту үшін, жүрек демікпесіне, малма (примочка) ретінде көз ауруына және терінің іріңді жарасына қолданады.
Қазақсатан жерінде Армиянский- 269, Сухумский, Каскеленский сорттары аудандастырылған.
Акжелкен-петрушка «Petroselinum Hoffm». Ақжелкен бақалық- екі жылдық өсімдік, жапырақты және тамыр жемісті болып 2-ге бөлінеді. Ақжелкен латынша «петроселинум»-тас балдыркөк, бұл оның Жерорта теңізі маңындағы таулы аудандардан шыққанын білдіреді. Көне Греция мен Египетте ақжелкенді, аскөкті, балдыркөкті әсемдік және дәрілік өсімдіктер ретінде өсірген. Ал тағамға оларды орта ғасырда қолдана бастады, ақжелкеннің әуелі тамырын, кейіннен-жапыраған пайдаланды.
Ақжелкеннің жапырақтары эфир майларына, С (58-290), К, Е витаминдеріне, каротинге (1,7 мг %) бай, ал тамыр жемістерінде бұл заттардан басқа В (В1,В2,В6) және РР- 2мг% витамин топтары бар. Мәуелерінде 6,0 % дейін эфир майы бар.
Ақжелкен тәбет ашады, шаншуды құсуды басады. Халық медицинасында тер шығаратын, жүрек ісінуі, бүйрекке тас біткенде (бүйрек тастарын ұсатады, ерітеді және шығарады) пайдаланады, олар қабыну процестерін басады.
Ақжелкеннің жас жапырақтарын шыбын- шіркей шаққан жерлерге басса, ол қабынбайды және ауруы да бәсеңдейді. Шашты нығайту үшін ақжелкен дәндерінен дайындалған тұнбалармен бастың терісін сылайды.
Ақжелкенді косметикаға да қолданады. Ақжелкеннің тамырының қайнатпасы беттің күнге күюін бәсеңдетеді, ал тамырларының қою қайнатпасын лимон шырынымен қосып, беттің сепкілін және терінің қоңыр пигменттенген дағын кетіру үшін пайдаланады (таңертең және кешке бетке жағады). Бетті ағарту үшін оны ақжелкеннің жаңа шырынымен күнде сылау керек.
Қияр шөп. Қияр шөп- балауса, бұтақты, мықтап түктенген, биіктігі 50 см келетін сабағы бар бір жылдық өсімдік (айлауық тұқымдас). Ол біздің елге Оңтүстік Европадан келді. Қазір ол жер-жерде кездеседі. Қияр шөптің жас көгінде жас қиярдың сүйкімді хош иісі бар. Эфир майы шөпке қиярдың иісін береді. Бұл бақша өсімдігі ретінде антик заманнан бері белгілі.
Саралжын. Саралжын жөніндегі алғашқы деректер Закавказьеден грузин жазбалары ішінен табылған, онда ол «тархун» деп аталған.
Бұл тұқымдастың латынша «артемизия» деген аты гректің «аrtemis»-салауаттық деген сөзінен алынған.
Хош иісті саралжын, басқа жапырақты тамырлар сияқты, адамды сергітеді, тәбет ашады, ас қорытуға, зат алмысуға әсер етеді.
Балауса көгінде 0,1-0,4%, ал кептірілгенінде 0,25-0,8% эфир майы болады, оның негізі- эстрагон.
Жас шөпті салатқа, колбаса салынған бутербродтарға қосады. Закавказьеде-басқа көкөніс тұздықтары сияқты мұны да лавашқа туралған ыстық шашлыққа қосып береді, сондай-ақ сергітерлік сусын- «тархунға» пайдаланылады.
Қорыта айтсақ, пайдалы өсімдіктер оның компоненттері эфир майлы өсімдіктерді зерттеу Қазақстанда алатын орны үлкен. Бұл жұмыстармен М.И.Горяева (1952), М.И.Горяева (1962). Ол және оның шәкірттері А.Д.Дембицкий, Ф.С.Шарипова, Л.А.Ельчибекова, Е.С.Неделько және басқалары дермененің, жалбыздың, киік отының т,б, өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеген.
Эфир майлы өсімдіктер көптеген әртүрлі өндіріс орындарында қолданысқы ие. Оның кең таралуы парфюмерия-косметика, иіс су өндірісінде, одеколон, әрір, тіс порошогы, крем, т.б. Сонымен қоса, эфир майының күшті бактериоциттік қасиеті бар және оны дезинфекцияға, ауаны тазартуға қолданады. Аз мөлшерде лакқа, краскаға, препарат жасауға да пайдаланады. Эфир майлы өсімдіктерге: Шатыргүл тұқымдасының өкілі- ажгон.Оның шикізат көзі жемісі болып табылады, мәдени түрге айналдырылған. Құрамында эфир майымен бірге парацемол, темол кездеседі. Ажгоннан тіс дірігерлері қолданады. Пасталар, порошоктарға пайдаланады.
Анис өсімдігі- шатыргүлділер тұқымдасы, жемісінен алынады эфир майы. Құрамында 80-90% анитол болады. Шараптар жасауға, косметикаға, стомотологияда алатын орны үлкен.
Насыбайгүл-ерінгүлділер тұқымдасына жатады. Шикізат көзі-гүлі болып табылады. Майын медицинада, парфюмерияда қолданады. Ең көп Украина, Кавказ, Өзбекстенда кездеседі.
Қалампыр- мерта тұқымдасы, тропикалық ағаш. Шикізат көзі бутонында болады. Гүлшоғырын тамақтың дәмін келтіру үшін қолданады. Шарап жасауға, микробқа қарсы дезинфекцияға пайдаланады.
Лаванда- Жерорта теңізінде өседі. Шикі зат көзі-гүлі. 0,8-1,5% эфир майы болады.Сабын өндірісіне, парфюмерияға қолданады.
Жалбыздың 3 түрі бар. Негізгі алынатын май- ментол. Ол медицинада қолданады.
Раушангүл- эфир майы күлтесінде болады 0,02-0,05% өте аз. Медицинада, парфюмерияда, сабынға, кремге, тб,
Розмарин- ерінгүлділер тұқымдасы. Шикізат көзі-гүлі, пенен, конфен болады.Иіс сабын, әтірлерге қолданады.
Қазір қолданбалы пайдалы өсімдіктердің ішінен эфир майы өсімдіктердің орны ерекше. Оның косметикаға, парфюмерияға, тағамға, фармацевтикаға қолданады. Оған деген сұраныс жылдан-жылға өсіп келеді.
Сонымен қатар эфир майлы өсімдіктерді халық медицинасында пайдаланады.Оның 90%-ын парфюмерия мен косметикада қолданады.
Эфир майының антимикробтық қасиеті күшті болғандықтан халық медицинасында алатын орны үлкен. Дәрі-дәрмек жасайтын фармацевтика өндірісінде кең қолданысқа ие.
Раушан гүліндегі эфир майлардан мазь жасайды және афтоза ауыз қуысын емдеуге пайдаланады. Оның иісі адамның дем алуын жақсартып, терінің температурасын көтеріп, артерия қысымын төмендетеді.
Дәрілік шалфейдің эфир айы-тер бездері мен сүт бездеріне пайдалы. Халық медицинасына мускат шалфейі ревматизмге, сқорыту ауруларына, бүйрек ауруларына және жараларды тез емдеуге пайдаланады. Антимикробтық қасиеті өті күшті.
Лаванда эфир майы- Ливиан аэрозоль препаратының құрамды бөлігі. Оны күйіктерге ем ретінде пайдаланады.
Күшті антисептикалық, дезинфекциялық қасиеті бар эфир майлы өсімдіктер эвкалиптте, насыбайгүлде, кориандр, жебіршөпте болады.
Ет өнеркәсібінде–колбаса, тағам өндірісінде- шатыргүлділердің жемісін, ерінгүлділердің-жапырақтарын ұнтақ түрінде қолданады.
Қазіргі уақытта раушангүлділердің, қалампырдың, жалбыздың, лимон, апельсин, шалфейлердің, т.б эфир майы бар өсімдіктерден кофет өндірісінде кең қолданады.
Сүттен жасайтын тағамдар- ірімшікке, балмұздаққа, т,б, эфир майының орны ерекше.
Парфюмерия мен сабын өндірісіне- қарағай, арша, айр, Манчжурлық қайың, Қытайлық лимон, раушангүл, жұпаргүл, жалбыз, аяндық шырша, дермене, т,б, өсімдіктердің майларын қосады.
Алкогольсыз сусындарға- мыңжапырақ, дермене, түймедақ, шалфей. Ащы дермененің қайнатпасы ұсақ жәндіктерді, насекомдарды, капуста құртын, таракандарды, кене, бүрге, т,б, құрту үшін қолданады.
Қазақстан территориясында, әсіресе Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс аудандарда өте көп мөлшерде жабайы өсетін эфир майлы өсімдіктер бар. Оларды зерттегенде 23 тұқымдастың ішінен 500-ге жуық түрін анықтаған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. "Эфирномасличные растения Казакстана и их рациональное
referat911.ru
Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерін зерттеу | KazOrta.org
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы, косметика, азық-түлік өндіру салаларын өз өнімдерінің негізгі компоненттері – эфир майларымен қамтамасыз ету де басты мәселе. Мұндай салаларды құру және дамыту қазіргі нарық экономикасының жағдайларының талаптарына сәйкес келеді. Мақсаты. Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерінің компоненттік құрамы мен биологиялық белсенділігін зерттеу. Зерттеу объектісі. Зерттелінетін объект Artemisia serotina – күзгі жусан болып табылады. Artemisia serotina

Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерін зерттеу
Зерттеу әдістері. Су буымен айдау, хромато-массспектрометрия,индуктивті байланысқан плазмалық спектрометрия, клевенджер аппараты және т.б. Практикалық маңызда пайдалы заттардың негізгі көзі эфирмайлы өсімдіктер болып табылады. Мұндай, яғни ароматты өсімдіктерден көптеген пайдалы, маңызды компоненттер бөлініп алынады. Солардың бірі эфир майлары. Эфир майлары-өсімдік шикизатынан алынатын иістенгіш сұйық ұшқыш заттардың қоспасы. Эфир майы өсімдіктер әлемінде кең таралған, олардың ролі үлкен. Мемлекеттік Фармакопея эфир майларына былайша анықтама береді: эфир майлары органикалық қосылыстардың әртүрлі кластары, көбінесе терпеноидтар, аз мөлшерде ароматты немесе алифатты қосылыстар болып табылатын иістендіргіш заттардың қоспасы болып табылады. Аталуының себебі физикалық қасиеттерімен байланысты: бұл майлы сұйықтарды қағазға енгізгенде майлы дақтар пайда болады, олар ұшқыш. Қазіргі уақытта эфир- майлы өсімдіктерден алынатын эфир майлары терпендер, спирттер, альдегидтер, кетондар және т.б. көмірсүтектердің көпкомпонентті органикалық қосылыстары болып табылады. Органикалық қосылыстар қатарында майлы қатар қосылыстары, ароматты, гетероциклді және ациклді қосылыстарды ажыратады. Эфир майларының химиялық құрамында негізгі орынды терпендер мен олардың өттекті туындылары алады. Эфир майларынан 5000-нан аса компоненттер бөлініп алынған және идентификацияланған. Олардың құрамы өсімдік түріне, олардың хемотипіне, жинау кезіндегі ауа райына, шикизатты сақтау шарттарына, оларды бөліп алу әдісіне, сондай-ақ сақтау ұзақтығы мен жағдайларына тәуелді. Эфир майлары көбінесе азық-түліктерді, сусындарды, тұрмыстық химия тауарларын ароматтауда, фармацевтикалық өндірісте, медицина және ароматерапияда, сондай-ақ еріткіштер ретінде қолданылады. Эфир майларының сапасының көрсеткіштері қолданылу аймағына тәуелді және олардың табиғилығымен, парфюмериялық, фармакологиялық және дәмдік-ароматтылық қасиеттерімен анықталынады. Қазақстан флорасында кең таралған эфирмайлы өсімдіктер теориялық және практикалық қызығушылыққа ие. Қазақстанның өңтустік, орталық, өңтустік-шығыс, шығыс бөліктерінде осындай өсімдіктердің ареалдары кеңінен таралған.Эфир майларының фармацевтика, тамақ және парфюмерия өндірісіндегі практикалық маңыздылығымен қатар олардың құрамына кіретін терпеноидтар фармакологиялық әсер етудің кең спектріне ие. Қазақстан флорасы климаттық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты эндемикалық өсімдіктердің түрлілігмен айрықшаланады. Өсімдіктердің химиялық қосылыстары жан- жақты биологиялық белсенділік көрсетеді, осыған байланысты өсімдіктер фармакологиялық әсер етудің кең спектріне ие.Қазақстанның көптеген жабайы өсетін және дәрілік өсімдіктері 363 эфирмайлы өсімдіктер болып табылады. Эфир майларының компоненттік құрамының әртурлілігіне байланысты олар биологиялық белсенділіктің кең спектріне ие: фунгицидтық, антисептикалық, антибиотикалық, антивирустық, антимикробты, бактерицидтік. Сондай-ақ эфир майларының компоненттері биологиялық белсенділік көрсететін қосылыстардың жаңа түрлерін алуда бастапқы шикизат болып табылады. Фитохимия институты Қазақстан табиғы флорасының көптеген өсімдіктерінің эфир майларының химиялық құрамын зерттеген. Осындай зерттеулердің нәтижесінде зерттелінген объектілердің эфир майларынан 200 терпеноидтар бөлініп алынған және сипатталған. Бөлініп алынған терпеноидтар қазіргі хромотографиялық, спектралді әдістер, соның ішінде рентгенспектралді әдістерімен зерттелінген. Қазақстан флорасының өсімдіктерінен зертелінген 30 эфир майларының 12-сі алғаш рет зерттелді.Қазақстан флорасы 6000 түрден аса дәрілік өсімдіктерге ие, олардың көбі ежелден медицинада, ауыл шаруалығында, өндірісте қолданылады, алайда көп болігі әлі төлық зерттелінбеген, Мемлекетік Фармакопеяға 100-і ғана енген. Табиғи өсімдік ресурстарын, соның ішінде дәрілік, азықтық, ароматты және т.б. өсімдікті шикизаттарды табу, жан-жақты зерттеу және рационалды қолдану жолдарын анықтау – табиғи қосылыстар химиясы және онымен тығыз байланысты ғылым мен практикалық қызмет салаларының негізгі міндеттері мен бағыттары болып табылады. Өсімдіктердің эфир майлары өздеріның басты қасиеті жағымды иіске ие болуы оларды парфюмерия – косметикалық және тамақ өндірісінде қолданылыун қамтамасыз етеді. Бұдан басқа олардың көбі биологиялық белсенді компоненттерге ие, ал бұл компоненттер антимикробты, антибиотикалық, анальгетикалық, антисклероздық және т.б. емдік қасиеттер көрсетеді осыған байланысты эфир майлары медицина өндірісінде және фармакологияда кеңінен қолданыс тапты. Дәрілік заттардың реестерінде Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген 32 препарат енгізілген, ал олардың құрамында эфир майлары және олардың жеке компоненттері ментол, тимол, камфора бар. Қазақстанда өсетін эфирмайлы өсімдіктердің ішінде полынь тұқымдастығы өсімдіктері маңызды. Полынь тұқымдастығы өсімдіктері барлық географиялық және экологиялық зоналарда кеңінен таралған және 500-ден көп түрлері бар.Әдебиет мәліметтеріне сүенсек ТМД елдерінің аймағында европалық, кавказдық және орталықазиялық түрлері кеңінен таралған. Қазақстанда өсетін 82 полынь турінен бағалы эфирмайлы түрлері бар. Бұлар негізінен Artemisia less-17 түр, dracunculus bess-9 және өте кеңінен таралған, химиялық қурамы әртүрлі seriphidium rouy-28 түрі. Полындегі биологиялық белсенді заттардың әртүрлілігі олардың практикалық маңыздылығын арттырады. Эксперименттік зерттеулер олардың сесквитерпеноидты лактондарға, флаваноидтарға, кумарин және эфир майларына бай екендігін көрсетті.Эфир майларының фармацевтика, тамақ және парфюмерия өндірісінде практикалық маңыздылығы бірінші кезекте олардың құрамына кіретін жоғары және түрлі биологиялық белсенділікке ие терпеноиттардың болуымен анықталынады. Полыннің эфир майларына бай екендігі көптеген зерттеулермен дәлелденген.Бұл эфир майлары халық және дәстүрлі медицинада антибиотиктер, қабынуға,жараға қарсы және антивирусты кұралдар ретінде қолданылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері Полыннің бір түрі күзгі полынь(Artemisia serotina) болып табылады.Artemisia serotina эфир майының құрамы бұдан алдын зерттелінбеген.Сондықтан Қазақстанда өсетін бұл полыннің эфир майының құрамын зерттеуді бастадық.Өсімдік шикизаты Жезқазған ботаникалық бақшасынан алынды.Анализдердің методикасы Мемлекеттік Фармакопея СССР кітабында сипатталған. Полыннің диагностикалық белгілерін микроскопиялық зерттеу мақсатында шикизаттың 1 г өлшендісін Жезказған ботаникалық бақшасына зерттеуге жібердік.Мұнда A. Serotina өсімдігінің анатомиялық құрылысы зерттелініп, өсімдіктің қай бөлігінде эфир майларының жинақталатындығы анықталынды. 364 Микроэлементтік аналізді жүргізу үшін алдымен шикизаттың құрғақ күлденуін жасадық.Мұнда 17г шиказат өлшендісін муфель пешінде мемлекеттік фармакопеядағы методика бойынша күлдендірдік. Микроэлементтік анализ Азимут Энерджи Сервисез ‘лабораториясында индуктивті байланысқан плазмалық спектрометрия әдісімен жүргізілді(Караганда қ.). Зерттеу нәтижелері бойынша A. Serotina күлінің құрамында 43 элемент (Hf, In, U, Ta, Ga, Sc, P, Sb, Ti, Zr, As, W, Cr, Ni, Ge, Bi, Ba, Be, Nb, Mo, Sn, V, Ce, Li, La, Cd, Cu, Yb, Y, Zn, Ag, Co, Sr, Au, Tl, Fe, Pt, Te, Th, B, Al) анықталынды.
.Қорытынды. Эфирмайлы өсімдіктерді және олардың компоненттік құрамын,биологиялық белсенділігін зерттеу өте өзекті, әсіресе Қазақстанның эфир майлы өсімдіктерін зерттеу маңызды, себебі Қазақстан флорасы эфирмайлы өсімдіктерге бай. Ал біз білеміз бұл өсімдіктерден бөлінетін маңызды биологиялық белсенді заттар, эфирмайлары үлкен практикалық маңыздылыққа ие. Атап айтқанда, олар тамақ, косметика, фармацевтика өндірісінде, сондай-ақ медицинада, ароматерапияда кеңінен қолданылады.Қазақстанның денсаулық сақтау саласы және фармацевтика өндірісі өсімдіктектес жаңа және эффективті дәрілік заттарға сұранысы өте үлкен, өйткені дәрілердің 70-80 % импорт арқылы келеді.Өсімдіктектес дәрілерді яғни фитопрепараттарды қолдану өте ұтымды, себебі олар аз уыттылықа ие, комплексті әсер етеді, қосымша әсерлерді бермейді, сондай-ақ олар арзан және оңай қолжетімді шикизат көзінен алынады. Халықтың да осындай препараттарға деген сұранысы үлкен. Эфирмайлы яғни ароматты және дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу, олардан қажетті негізгі компонентерді бөліп алу және модификациялау өте өзекті. Мұндай зерттеулерді жургізе өтырып біз Қазақстан Республикасының тамақ, косметика, фармацевтика, медицина салалары үшін арзан және қолжетімді шикизат көзімен қамтамасыз етеміз, сондай-ақ өсы салалардың өндірістік процесіне елеулі үлес қосып қазіргі нарықтық экономикалық жағдайлардағы негізгі талаптарға сайкес болуын қамтамасыз етеміз.
.Вконтакте
Мой мир
kazorta.org
Эфир майлары | Презентация
Скачать Презентация қосуЭфир майлары
Орындаған: Болатбек ЕркежанЕсболова ЖанарТөрехан ЫрыскелдіҚадыров НұрланХален ӨмірбекБолатова ГүлнұрЖоспар1.Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама2.Эфир майлы дақылдардың топтарғажіктелуі3.Эфир майлардың түрлеріI. КориандрII.АнисIII.Зере-ТминIV.Жалбыз-Мята4. ҚорытындыЭфир майлы өсімдіктерді ароматты зат- эфир майларын алу үшінөсіреді.Олар парфюмерия-косметика,тамақ өнеркәсібінде, медицинадақолданыладыЭфир майлы өсімдіктер жер шарының барлықегіншілікпен айналысатын аймақтарындаөсіріледі. Әлемде жылына 20-25 мың тоннаэфир майлары өндіріледі.Эфир майларына ең бай өсімдіктергеерінгүлділер, балдыркөктер, астра, шатыршатұқымдастары кіреді және олардың эфир майлыөсімдіктер арасындағы үлесі 50%-дан асады.Европа контидетіндегі эфир майлы өндірістің еңдамыған елдеріне ТМД мемлекеттері,Болгария, Франция, Испания және Италияжатады.Эфир майы шикізат әр түрлі топтарғажатқызылады. Олар тұқым,шөп,гүл жәнетамыр шикізаттары болып бөлінеді.Тұқымдылар тобына: кориандр, анис, зере,тмин, фенхельШөптесін: жалбыз, герань, эвклипт. Гүлді:раушангүл, мускнтты шалфейТамырдан: ирис, аирХалық шаруашылығындағы маңызы:Кариандр тұқымында негізінен парфюмерияөндірісінде пайдаланатын эфир майы (0,5-1,5%) болады. Олар жұпар иістікпарфюмерлік заттар дайындауға қажет.Кариандр тұқымындағы эфир майынанбасқа,18-22% өсімдік майы өндіріледі, оныжәне полиграфия өнеркәсібінде пайдаланады.Тұқымы нан және тоқаш дайындаудақолданылады.Кориандр- жақсы бал әкелетінөсімдік.Дақылдың негізгі егістігі Ресей жәнеУкраинада орналасқан.Кориандрдың морфологиялық сипаттамасы.Кориандр (Coriandrum sativum L.) – баолдыркөктер тұқымдаына жататын 1жылдық шөптесін өсімдік.Кіндік тамырлы, сабағы жоғарыжағынан бұтақтанады.Биіктігі 50-100 см.Жапырақтары кезектесіп орналасады, төменгілері –ұзын, сағақты қаурсынды,ортаңғылары- қосарланған қауырсынды, жоғарылары-ұзын таспа тіліктергеқатты тілінген.Гүл шоғыры- күрделі шатырша гүлГүлдері-ұсақ, ақ, ақшыл қызыл, сары, бестік түрде.Төмен түйінді, 2 ұялы. Жәндіктермен айқас тозаңданады.Жемісі- шар тәрізді, түсі сары қоңыр, қос тұқымшаХалық шаруашылығындағы маңызы.Анис жемістерінде тағамға,парфюмерияда, фармацевтикада жәнеөндірістің басқа да салаларындапайдаланатын эфир майы (2,5-4%)жинақталады.Анис күнжарасы- құнды құрама жем.Анистің отаны Кіші Азия. Ол ТМДелдері бойынша Ресейдің кейбіроблыстары мен Украинаның орманды-далалық бөлігінде аздап өсіріледі.
Анис-(Pimpinellaanisum L.)Морфологиялық сипаттамасы:Балдыркөктер тұқымдасының 1жылдық өсімдігіДақыл-кіндік тамырлы, жақсы жетілген.Сабағы тік өседі,жоғары жағынан тармақталған, биіктігі 40-60смЖапырақтары кезектесіп орналасқанГүлшоғыры-күрделі шатыршагүлГүлдері ақЖемістері алмұрт пішінді, екі тұқымды- жарылмайтын жасылшасұр жемісшелерден тұрадыДәмі- тәттілеу, татымды.1000 тұқымның массасы 3,5-4гХалықшаруашылығындағы маңызы:Зере жемістерінде кондитер өндірісінде,медецинада, парфюмерияда, ликер менарақ дайындауда пайдаланылатын 4-7%эфир майы болады.Эфир майынан бөлек тмин жемісінен 22%дейін сұйық май алынады және техникалықмақсаттарда пайдаланады.Тминнің бағалытүрлері Ресейдің, Беларуссияның жәнеКавказдың ылғалды шалғынды жерлеріндекездеседі.
Зере-Тмин-Carum carviМорфологиялық сипаттамасы:Балдыркөктер тұқымдасынажататын 2жылдық өсімдік.Сабағы-тік, биіктігі 50-70см,ортасы қуыс, бұтақты
Жапырағы-кезекті, үштік қауырсынды,тіліктіГүл шоғыры-күрделі шатыршагүлГүлдері-ақ, ұзын гүлсағақтыЖемісі-1 тұқымдыЖалбыз-Мята-MenthaЖалбызды -1,5-5,3% эфир майыболатын жапырағын алу үшінөсіреді.Жалбыз майының негізгі құрамбөлігі ментолдан тұрады жәнеоның мөлшері сортынабайланысты 54-57% аралығындаауытқиды.Гүлдену кезеңнен кейінжиналған жалбыз құрамындаментол үлесі артып, жалбызмайына хош иіс береді.Жалбыз негізінде ТМД елдерінде-Украина, Молдавия және Ресейдеөсіріледі.Морфологиялық сипаттамасы:Ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдықшөптесін өсімдікЖалбыздың бірнеше мәдени түрлері бар: бұрышты,жапондық және бұйра жалбызСабақтары тік, биіктігі 80смЖапырағы – қарама-қарсы орналасқан,жиегі өткір аратісті,сопақ қандауыр пішіндіЖалбыз тамырсабағымен көбейеді.Қорытынды:Елімізде аталған дақылдардан өндірілгенэфир майларын негізгі тұтынушыпарфюмериялық және косметикалықөнеркәсіптер. Сонымен қатар эфирмайларын тамақ өнеркәсібінде, кондитербұйымдарын дайндауда ,алкогольсізсусындар, балық, көкеніс консервілерін,арақ-шарап жасауда пайдаланады.
Ұқсас жұмыстар
stud.kz
| УДК 583 .3./.99 (ӘОЖ) Пайдалы өсімдіктердің негізгі топтарының маңызы Бабашев А.М. - б.ғ.к., профессор, [email protected]; Бұхарбаева Ж.М.- биология магистрі, аға оқытушы, [email protected]; Атраубаева Р.Н.- аға оқытушы; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы Андатпа. Бұл мақалада пайдалы өсімдіктердің негізгі топтары және түрлері, зерттеу нәтижелері мен шаруашылықта игеру жолдары анықталды. Пайдалы және пайдасыз өсімдіктерді бір-бірінен ажырату үшін белгілі бір тәртіпке келтіру қажеттілігі туды. Өсімдіктерді белгілі бір жүйеге келтіру керек екендігі өмірдің өзі жетеледі.Пайдалы өсімдіктерді зерттеу әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы өте бағалы кейбір өсімдік түрлерін комплексті терең зерттеуден,бүкіл регионның ресурстарын тікелей анализ жасауға дейін. Пайдалы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, тиімді пайдалану жолдары іздестірілді, олардың ресурстарын сақтау жолдары ,дұрыс пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Өсімдіктер тек азық-түлік қоры емес, сонымен қатар олардан дәрі-дәрмек, қарамай (смола), мата тоқитын талшықтар, каучук, целлюлоза және тағы басқа техникалық шикі заттар өндіріледі. Ресурсты зерттеу бағыт әрине зерттеуші лабораторияның мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты.Түйін сөздер: пайдалы өсімдіктер, эндемиктер, флора, дәрі-дәрмек, қарамай (смола), мата тоқитын талшықтар, каучук, целлюлоза және тағы басқа техникалық шикі заттар, пайдалы илік дәрілік, малазықтық, техникалық, тағамдық, сәндік ХХ ғасырдың бірінші жартысында ССРО ның атақты ботаниктері М.М. Ильин, А. Федоров және Н.В. Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына жеке ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық дәйектеме берді. Осы жылдары яғни 1948 жылы ғылымның осы саласында алғашқы іргелі еңбектер мысалы "Методика полевого исследования растении" деген өте құнды еңбек жарияланды.Қазақстан Республикасында академик Н.В. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. 1942 жылы акад. Н.В. Павлов өзінің "Дикие полезные и технические растения СССР" деп аталатын үлкен монографиясында өзінің жаңа классификациясын ұсынды. Н.В. Павловтың классификациясында барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілді.Н.В. Павлов “Растительное сырье Казахстана” деген 1947 жылы шыққан монографиясы үшін мемлекеттік сыйлық алды. Оны 1-кестеде берiлген зерттеудiң негiзгi бағыттарынан көруге болады[1]. Кесте 1 Н.В. Павловтың классификациясындағы барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілуі
Академик Н.П. Павловтың қалдырған үлкен ғылыми мұрасы Қазақстанда Ботаникалық ресурстану ғылымының ары қарап қарқынды дамуына негіз болды. Соның нәтижесінде 1956 ж Қазақ ғылым академиясының Ботаника институтының құрамында арнайы бөлім ашылып оның ұйымдастырушысы және 20 жылдай басшысы Н.В. Павловтың шәкірттерінің бірі проф Михаийлова болды. Осы жылдары құрамында 15 жоғары таниндері бар өсімдіктердің 95 түрі анықталды олардың негізгілері таран (Polygonum -борец), Рауғаш (Rheum- Ревень), қымыздық (Rumex Шавель) туыстарының өкілдері [3]. Өсімдіктерді және олардан алынған өнімдерді практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі ХХ ғасырдың басында " Шаруашылық ботаника" деп атала бастады. Шаруашылық немесе экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын пайдаланудың әртүрлі әдістері және формалары туралы мәліметтер жинаумен шектелді. Бірте-бірте жиналған мәліметтерге талдау жасалып бір жүйеге келтірілді. Сол жұмыстардың нәтижесінде 1966 жылы проф. А. Федоров осы саладағы зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін ұсынды. Профессор М.М. Ильин бойынша (1948 ) "Шикізаттық өсімдіктер деп Завод немесе ауылшаруашылық практикасына тікелей қайта өңделіп пайдалануға болатын шикізат беретін немесе мәдени өсімдіктер қатарына ендірілетін табиғи флора өкілдерін айтамыз".Егер біз бұл анықтама қабылдайтын болсақ онда өсімдіктер ресурстары туралы 1935 жылы Ташкентте өткен ғылыми-зерттеу конференциясының маңызы өте зор.Бұл конференцияда өсімдіктер ресурстары мынандай 3 топқа бөлінеді: 1.Өндірістік өсімдіктер ресурсы 2.Ауылшаруашылық өсімдіктер ресурсы 3.Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар.1938 жылдан бастап ССРО ғылым академиясының Ботаника институтының өсімдіктер шикізаты бөлімі " Растительное сырье" деген атпен ғылыми еңбектер сериясын шығара бастады [2]. Каучук, камеди, смола, клей, илік заттар алынатын және щетка жасауға қажетті өсімдіктер.Каучук– 1) табиғи К-ті (ТК) каучукты өсімдіктердің (негізінен бразилия гевеясының) латексін коагуляциялау арқылы алады. Негізгі құраушысы – полиизопрен; 2) синтетик. К. (СК) – эластик. синтетик. полимерлер. Табиғи каучукты кейбір тропикалық – бразиль гевеясы, каучук фикусы және т.б. өсімдіктердің сүтті шырындарынан (латекс) алады. Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі. Камеди (gummi) – бұтақ діңдерінің қабықтарындағы жарықталған жерлерде жиналатын экссудативті өнім, басында жұмсақ тұтқыр жабысқақ болады да кейіннен қатаяды, өсімдік камедиі дәмсіз, органикалық қышқылдарда ерімейді, гидрофильді, суда ериді. Химиялық құрамы негізінен гексоза. Камеди алынатын негізгі өсімдіктер: Fabaceae, Rosaceae, Liliaceae. мысалы, трагакант камедиі (Gummi Tragacanthae из Astragalus microcephalus Wild.), абрикос камедиі (Gummi Armeniacae из Armeniaca vulgaris Lam.). Смола – салыстырмалы тұрде қатты немесе қыздырғанда формасын өзгертетін аморфты заттардың атауы. Табиғи смола қалыпты физиологиялық зат алмасу барысында өсімдктрден бөліп алады, жиһаз және әртүрлі пластмасс өндірісінде кеңнен пайдаланылады. Bosswellia papyrifera, Boswellia serrata және Cistusтің әртүрлі түрлерінен[3]. Гуттаперча алынатын өсімдіктер.Гуттаперча-(англ guttapercha) — химиялық құрамы бойынша табиғи каучукпен бірдей болып келетін жоғары молекулады көмірсулар (С5Н8)n, ақ немесе сарғыш тері тектес зат, оны электр өнеркәсіпте изолияциялық материял ретінде пайдаланады, сондай ақ әртүрлі резиналы материялдар жасауда қолданылған.Гуттаперчаны Sapotaceae тұқымдастарынан және Palaquium ағашының туыстарынан, Раyenа ағашының туыстарынан, Palaquium и Рауепаларыдң мәдени плантация жасау өшін пайдаланады, 55 - 77% таза гутта береді, жылына 1 кг техникалық гуттаперча алуға болды және бересклеттердің тамыранда алуға болды. Илік заттар алынатын өсімдіктер. Қазақстандағы ерте кезеңдегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты ол илік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерттеуді алғаш бастаған 1917 жылы В.П. Марков болды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі ең маңыздысы Алтайда өсетін Бадан (Bergenі) Тасжарғандар (Saxifragaceae Камнеломковые) тұқымдасынан. Щетка жасауға қажетті өсімдіктер.Ақ селеу (Arіstіda pennata) – селеу туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық облысында, әсіресе, оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі[3]. . Бал өнімдері алынатын өсімдіктер.Азық қорын тиімді пайдалану ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы Совет үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылқтағы жалпы табыстың-кірстің 35-50 ара шаруашылығы беретін еді. Бірүйлі өсімдіктерге мысалы , асқабақ, емен, қияр сияқты өсімдіктер жатады. Ал екі үйлі өсімдіктерге Тал (Salix), терек (Populus- Тополь), кенешөп (Сannabis- канопля), құлмақ (Humulus- Хмель)жатады.Кейбір өсімдіктердің қосжынысты гүлдерімен қатар біржынысты гүлдері бар. Ол гүлдердің екі типіде әртүрлі комбинацияда кездеседі. Мұндай өсімдіктер көп үйлі немесе көп некелі деп аталады. Өсімдіктердің бұл тобына үйеңкінің (Acer- клен) түрлері, Шаған (Fraxinus - ясень), қарамық (Fagopyrum- гречиха), қауын (Melo- Дыня), күнбағыс (Helianthus- Подсолнечник) және т.б жатады. Аралардың өсімдік гүлдерінен негізгі жинайтындары ол :нектар,тозаң, ара желімі (прополис).Нектарды аралар өздерінің ұяларында өңдеп балға айналдырады. Ол бал араларға қыс бойы тамақ болады.Нектардағы қанттың концентрациясы өсімдіктің табиғатына және қоршаған орта факторларына байланысты. Мысалы таңқұрайда (малина) -25, күнбағыста 44,6 ал Аткаштанда (Каштан конский) –74,5% шамасында болады. Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына Тал (Salix- Ива), Бақбақ (Taracsacum- Одуванчик), Ақ беде (Trifolium repens- Белый клевер), эспарцет (Onobrychis- эспарцет), көк гүлкекіре (Centaurea cyans- Василек синий) және басқа көптеген өсімдіктер жатады[4]. Эфир майлары алынатын өсімдіктер.Пайдалы өсімдіктердің ішінде эфир майлы өсімдіктер маңызды орын алады. Өйткені олар косметикада, парфюмерияда тағамдық және фармацефтикалық өндірісте, яғни медицинада кеңінен пайдаланылады.Эфир майлы өсімдіктер шикізатына сұраныс тұрақты өсуде. Қазақстанның ботаник-ресурстанушылары эфир-майлы өсімдіктерді зерттеуде үлкен жетістіктерге жетті Эфир майлы өсімдіктер тізімі жасалды. Олардың саны 456 оның ішінде эфир майына бай 100 түрінің толық сипаттамасы берілді. Олар 23 тұқымдасқа жатады.Құрамында эфир майының мөлшері 1 дан жоғары 38 өсімдік түрі анықталды олар: Сібір қарағайы ,Сібір самырсыны,Қызыл арша,Түкістан аршасы т.б.Эфир майлы өсімдіктер және олардан алынған эфир майларының шаруашылықтағы маңызы өте зор. Олар өте кеңінен парфюмерияда, косметикалық өндірісте медицинада пайдаланылады; Мысалы иіс сулар, кремдер және тағы басқалары шығарылғанда барлық өндірілетін эфир майларының 90 сол парфюмерия- косметология өндірісінде падаланылады[5]. Шыны майларының классификациясы.Өсімдік түрлерінің 90 жуығының тұқымдарында майлар болады, майлар өсімдіктің басқа мүшелеріндеде жинақталуы мүмкін. Қорға жиналған майлардың негізгі ролі ол олардың қорлық материалдар ретінде пайдалануында. Майлардың химиялық қасиеті олардың сабындану, ащылану, кебу және гидрогенизацияға қабілеттілігімен көрінеді Өсімдіктер майларын екіге бөлуге болады: 1)Сұйық майлар:кеуіп қалмайтын,жартылай кебетін 2)Қатты майлар. Өсімдіктер майлары фармацептикалық практикада : А) Сұйық майлар 1) Кеуіп қалмайтын зәйтүн (оливка) майы, бадам (миндаль) майы, жер жаңғақ (арахис) майы, үпілмәлік (кастровые) майы, 2) Жартылай кебетін – күнбағыс майы, мақта майы, жүгері майы Б) Қатты майлар – какоо майы, болып бөлінеді. Зәйтүн (Оливка) майы Өсімдік Olea europaeca- Маслина европейская. Европа зәйтүні- Олеасеае тұқымдасынан. Бұл өсімдік Қазақстанда кездеспейді. Мәңгі жасыл ағаш биіктігі 3-7 м. Зәйтүннің отаны Жерорта теңізінің Оңтүстік Шығыс бөлігі (Сирия, Оңтүстікң Анатолия және көршілес аралдар). Зәйтүннің жаңа жиналған жемістері тағамдық өнiм медициналық, және техникалық зәйтүн майын алу үшін пайдаланады. Бадам (Amygdalus - Миндаль) майы. Кәдімгі бадам (Amygdalus communis –Миндаль обыкновенный)- Rosaceae тұқымдасынан.Бұта немесе аласа ағаш биіктігі 2-6 м. Жалпы бұл өсімдік Кавказда, Орта Àзияда, Иранда, Балканда, Кіші Азияда, Палестинада, Алжирдå, кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда ауылдық жерлерде екпе жағдайда өсіріледі.Дәрілік шикізаты ретінде піскен жемістерін жинайды. Тұқымдары дәрілік шикізаты болып саналады. Арахис майы. Өсімдік аты-жер жаңғағы, (арахис – Arachis hypogaea L.) Fabaceae тұқымдасынан. Біржылдық шөптесін өсімдік. Кастор майы. Өсімдік аты -Ricinus comminis L.- Кәдімгі кенедәні (Май кене, үпілмәлік- клещевина обыкновенная) - Euphorbiaceae тұқымдасынан.Бұрынғы ССРО елдерінде екпе жағдайында ірі біржылдық өсімдік биіктігі 2 м дейін (кейде 3 м)Қазақстанда Майлы өсімдік ретінде мәдени өсімдік ретінде суарылатын жерлерде өсіріледі. Күнбағыс майы. Өсімдік аты- Біржылдық күнбағыс – Helianthus annuus L.- Подсолнечник однолетнии.Біржылдық, шөптесін өсімдік биіктігі 2,5 м. Күнбағыстың отаны – Солтүстік Америка. Қазақстанда өсіріледі Мақта майы. Өсімдік аты -мақта (Gossypium-хлопчитник), Malvaceae (құлқайырлар- мальвовые) тұқымдасынан Мақта майы- тағамдық өнім. Фармацияда мақта майының гидрогенизаторлары пайдаланады. Жүгері майы. Өсімдік аты- жүгері (Zea mays L-Кукуруза).Біржылдық өсімдік биіктігі 80-300см. Жүгерінің отаны Америка (Мексика, Перу) Қазақстанның барлық региондарында екпе жағдайда өсіріледі. Зығыр майы. Өсімдік аты-Кәдімгі зығыр (Linum usitassium- Лен обыкновенный). Какао майы. Өсімдік аты- Theobeoma cacao- шоколодное дерево. Sterculiacеaea тұқымдасынан. Мәңгі жасыл ағаш, биіктігі 10-15 м. Ылғалды тропика ормандарында өседі. Какаоның отаны тропикалық Оңтүстік Америка және Мексика шығанақтары [6]. Бояу алынатын өсімдіктер. Бояғыш өсімдіктер – тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, тұқымы мен ұлпаларында (діңі, қабығы) бояуыш заттар түзілетін өсімдіктер. Бояғыш өсімдіктердің түрі өте көп.Мыс., күнбағыс қабығынан (тек «Гигант» сортынан) мақта бояйтын қоңыр бояу, дәнінің майынан олиф дайындалады, сабағы мен жапырағынан хим. ерітінділердің көмегімен бояу алынып, айна өндірісінде қолданылады. Қоянсүйектің тамыры мен сабағынан алынатын сары бояумен жүн және мақтаны бояйды. Мұндай жүннен кілем, киіз, алаша тоқылады. Жүзгіннің сабағынан қасық, ожау жасайды да, тамырында илік зат – танин болады. Одан қызыл күрең бояу дайындалып, мұнымен тері бояйды. Адыраспанның қауашағынан қызыл күрең бояу дайындалып, онымен мақта, жүн маталарын бояйды. Шыршаныңқабығынан дайындалған ерітіндімен тері иленеді де, оның тамырынан дайындалған бояумен тері бояйды, смоласын (қарамайын) қайыққа, телеграф бағаналарына жағады[7]. Тамақ өнімдерін беретін өсімдіктер. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т.б.). Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр - бақшала өсірілетін тағамдық өсімдіктер. Қазір бақша өсімдіктерінің 900 түрібелгілі. Қазақстанда 9 түрі бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі. Қауын - жылу мен жарықты сүйетін өсімдік. Сондықтан сазды-құмдауыт, құмды жерлерде жаксы өседі.Тамақ өндірісін беретін көкөністер.Ол – негізінен шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр – жемісті өсімдіктер, баданалар, т.б. Көкөністердің 80 тұқымдасының 600 – ден астам түрі өсіріледі. Жеміс – ұрықтылар: қызанақ, қияр, бұрыш, жапырақтылар: қырыққабат (капуста), салат, баданақ: пияз және са-рымсақ, тамыр – жемісті өсімдіктер: сәбіз, қызылша, ақжелкен, шалғам. Крахмалды өсімдіктер.Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр. Крахмалды дақылдардың ішіндегі маңыздысы да, көп таралғаны да — картоп. Картоптың отаны Оңтүстік Америка, бірақ, қазір коңыржай белдеу дақылына айналып отыр. Картоп жинаудан 1-орынды Ресей, 2-орынды Польша, 3-орынды Қытай алады. Сәндік өсімдіктер. Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипа-лық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер оты-рғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Әсемдік үшін өсірілетін күрделі гүлділер тұқымдасының түрлері: қошқаргүл, нарғызгүл, хризантема, қырмызыгүл, барқыт шөп, әсел, т. б. Лалагүлдер тұқымдасының сәндік өсімдіктері: секпілгүл, сумбілшаш, қызғалдақ (нақты атауы - жауқазын) ауламызда көздің жауын алады. Қағаз және целлюлоза алынатын өсімдіктер.Күріш-негізінен тағамдық өсімдік, дегенмен де оның сабанынан қағаз жасалады. Көптеген елдерде Пальманың жеміс шырынынан шарап ашытады, қант, діңінен крахмалды саго жармасы алынады. Қабығынан арқан есіледі, талшығынан бас киім, жіп, себет тоқылады, жапырағынан қағаз, өсімдік балауызы алынады. Қазақстанда Пальманы әсемдік үшін қолдан өсіреді. Қант және инсулин алынатын алынатын өсімдіктер.Қант алынатын негізгі өсімдктерге қант қызылшасы (Beta vulgaris),қант қамысы (Saccharum officinarum), қант пальмасы (Arenga pinnata или Arenga saccharifera) т.б. қант қызылшасы-техникалық дақыл.Қызылшаның жеміс тамыры сахарозаға (23 % -ға дейін) бай, қант өндірісінде шикізат есебінде болады. өнімді жинап алған соң және қант қызылшпсын өңдегеннен соң, көптеген қалдықтар клечаткасы жоғары қоректік, жұғымды өнімдер түзіледі. Мал азықтық болатын жалпы өсімдіктерге сипаттама.Арпа, сұлы, жүгері, қара бидай, тары сияқты астық тектес дәнді азықтар, асбұршақ, соя, үрмебұршақ сиыр жоңышқа; май бұршақ (Р. arvense) сияқты бұршақ тұқымдас азықтар жатады. Олардың құрамында 20 — 40% протеин болады. майлы дақылдар, олардың дәні мен тұқымы (жарма, кебек, күнжара) жатады[8]. ҚОРЫТЫНДЫ Пайдалы өсімдіктердің негізгі топтары және түрлері, зерттеу нәтижелері және шаруашылықта игеру жолдары анықталды.Пайдалы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, тиімді пайдалану жолдары іздестірілді, олардың ресурстарын сақтау жолдары ,дұрыс пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Өсімдіктер тек азық-түлік қоры емес, сонымен қатар олардан дәрі-дәрмек, қарамай (смола), мата тоқитын талшықтар, каучук, целлюлоза және тағы басқа техникалық шикі заттар өндіріледі.Ресурстану өзінің жақын практикалық, қолданбалы бағыты болғанымен, көбінесе зерттеуші өсімдіктің биологиясына, химиясына, физиологиясына және фармокологиясына жақын іргелі, ғылыми-теоретикалық маңызы бар нәтижелерге жүргізілетін зерттеу жұмыстарының ерекшеліктері осы регионда өсетін пайдалы өсімдіктердің әртүрлілігімен және олардың ресурсымен анықталады.Шикізаттың өсімдіктерді жинауды практика жүзінде іске асыру үшін кәсіптік қажетті өсімдіктердің массивтерінің және шикізаттық пайдаланатын қоры мәліметтер керек және ол мәліметтер ірі масштабты топографиялық, геоботаникалық, жерге орналастыру және т.б. карталарда көрсетілуі керек.Карталардың әрбір типтерінің өзінің ерекшеліктері, мақсаттары бар.Өсімдіктер классификациясын жасаудың және экологиясын зерттеудің қажеттілігі дами түседі. Дәрі-дәрмектік өсімдіктерді бір топқа, азық-түлікке жарайтынын екінші топқа, улыларын үшінші топқа жатқызды. Олардың белгілерімен қасиеттеріне белгіленген тізімдер жасалған.Ол қарапайым түрде жасалған өсімдіктер экологиясы мен классификациясы еді.Табиғи фитоценоздардағы пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланудағы, тіршілік формасы мен экологиялық топтарын қарастыру, қалпына келтіру биологиялық алуан түрлілігін сақтаудағы өзекті мәселелерді шешуде негіз болып табылады. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1.Баландин С.А., Абрамова Л.И., Березин Н. Общая ботаника с основами геоботаники. М., Академкнига. 2006. 2.Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н. Лекарственные растения, Алматы, Қазақ Университеті, 2002, 313 С. 3.Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Қазақстан өсімдіктері. Растения Казахстана. Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, Алматы. 1977. 4. Жаңабаев К. Ш. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Алматы, 1994. 5. Жанзақов М.М. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, Тұмар, 2007. 6. Өсімдіктер селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері: оқулық /Т.Н. Нұрғасенов.-Астана : Фолиант, 2007.-344 бет. 7. Миркин Б.М., Наумова Л.Г., Соломеч А.И. Современная наука о растительности. Учебник. М. Лотос, 2001. 264 с. 8. Нұрғасенов Т.Н. Тұқымтану, сорттану, тұқым шаруашылығы. Алматы, 2005. Достарыңызбен бөлісу: |
melimde.com
ДӨШ химиялық құрамын зерттеу
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Фармацевтикалық пәндер кафедрасы
Дәрілік өсімдік шикізаттың химиялық құрамын зерттеу
Қабылдаған:
Орындаған: Орынбаев Т.Е.
Мамандық: Фармация
Топ: 401
АСТАНА 2016
Жоспар
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы
Өсімдік организмі химиялық құрамы, атқаратын қызметтері бойынша табиғаттың күрделі жаратылысы болып табылады. Табиғаттағы өсімдектер адамдар, жануарлар өмірі үшін өте қажет органикалық емес, органикалық заттардың құрылымы екендігі жалпыға мәлім.
Өсімдік организмінен 21 элемент табылған, оның 16-сы (H,C, N, O, P, S, Na, K, MG, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық тірі жүйелерде, ал 5- B, Al, V, Mo, I- тек кейбір түрлерде ғана кездеседі.
Өсімдік организмінде болатын 29 органикалық молекулалар (глюкоза, рибоза, майлар, фосфатидтер, 20 амин қышқылдары және 5 нуклеотидтер) мономерлер немесе полимерлер түрінде көптеген әр түрлі қосылыстар түзетіндігі анықталды.
Дәрілік өсімдік екі бөліктен: су және құрғақ заттардан тұрады.
Су
Өсімдіктердің өмір сүру процесінде судың маңызды рөлін, оның тірі организмде өтетін табиғи биохимиялық процесстер үшін орта екендігімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар, су биохимиялық реакцияларға активті қатысады. Оның дәрілік өсімдіктердегі мөлшері 70-90 % аралығында және одан жоғары өсімдік органына байланысты. Судың көп бөлігі бос түрінде, ал аз бөлігі жасуша коллоидтарымен берік байланысқан түрінде болады. Осы себептен дәрілік өсімдіктің кейбір бөліктері / жапырақтары, гүлдері, ұрықтары және басқалары / тез кебеді 10-12 % ылғалдылыққа дейін.
Өсімдіктердің құрғақ заттарын екі топқа бөлуге болады: органикалық және минералды. Дәрілік өсімдіктер құрамындағы органикалық заттарды біріншілік синтез заттары және екіншілік синтез заттары деп бөледі.
Біріншілік синтез заттары
Біріншілік синтез заттары белоктар, көмірсулар, липидтер, ферменттер және витаминдер болып табылады.
Белоктар / ақуыздар /
Өсімдік организмінде белоктар протаплазманың негізгі массасын құрайтындықтан үлкен роль атқарады. Барлық биохимиялық айналулардың қоздырғыштары – ферменттер, белоктар. Қарапайым белоктар – протеиндер, күрделі-протеидтер. Протеиндер гидролиз нәтижесінде ыдырайтын – амин қышқылдарынан тұрады, амин қышқылдарының көп бөлігі – көміртегіндегі бір сутек орнын амин тобы басқан май қышқылдарының туындылары.
R Ch3 COOH R CH COOH
Nh3
Май қышқылы Амин қышқылдарының жалпы формуласы
Аминоқышқылдар амфотерлі электролиттер болғандықтан, олар организмде сутек иондарының белгілі концентрациясын қалыпта ұстайтын буферлі заттардың қызметін атқарады.
Қарапайым белоктардың бірнеше топтары, соның ішінде өсімдіктерде кең таралған түрлері альбуминдер, глобулиндер. Альбумин болып рицин – майкене /кенеден / дәнінің белогы. Глобулиндер майлы дәндер белогының негізгі массасын құрайды / сора, арахис, қытай бұршақ және т.б /.
Протеиндер – қарапайым белок пен белок емес компоненттін берік қоспасы. Олар белок емес компоненттерінің табиғаты бойынша классификацияланады / фосфопротеидтер, липопротеидтер, глюкопротеидтер, хромопротеидтер, метоллопротеидтер, нуклеопротеидтер/. Липопротеидтер майлармен бірге кездеседі. Глюкопротеидтер кейбір шырыштардың құрамына кіреді.
Нуклеопротейдтер – тірі организмдерде, соның ішінде дәрілік өсімдіктерде жүретін көптеген процесстерде маңызы зор белоктар тобының біреуі. Олар қарапайым белоктар мен нуклеин қышқылдарынан түзілген қосылыстар. Тіршіліктің негізгі процесі – белок синтезі, өсу құбылысы, тұқым қуалаушылық қасиетінің берілуіне, осының бәрі нуклейн қышқылдарының қатысында жүреді. Нуклеин қышқылдары тор пораларында пластидтерде, митоходрияларда және жасушаның еритін фракциясында болады.
Нуклеин қышкылдары гидролизденгенде үш типті заттарға ыдыраиды: азотгы негіздер /пуринді жөне пиримидинді/, қанттар /пентозалар-рибоза, дезоксирибоза/ және фосфор қышқылы.
Нуклеин қышқьшдарының негізгі екі типі болады: рибонуклеинді /РНК/ және
дезоксирибонуклеинді /ДНК/.
Олардың қүрамы:
РНК ДНК
Рибоза Дезоксирибоза
Цитозин Цитозин
Урацил Тимин
Аденин 5- метилцитозин
Гуанин Гуанин
Фосфор кышқылы Фосфор қышқылы
Пурин негіздері
Пиримидинді негіздер және олардың кейбір нуклеин қышқылдарының қүрамына
кірмейтін туындылары біркатар өсімдіктерде бос күйінде кездеседі. Бұл көбінесе сәйкес амин қышқылдарынан түзілген биогенді аминдерге қатысты, мысалы,тирозиннен тирамин, орнитиннен путресцин, гистидиннен гистамин. Пурин негіздері шай, кофе, какао, шарап және басқа да өсімдіктерде жиналатын алкалойдтардың үлкен тобымен тығыз байланысты. Бұл алкалойдтардың өсімдіктерде түзілуі келесі схема бойынша жүреді /кофеин үшін/: нуклеин
қышқылы аминопуриндер оксипуриндер метилоксипуриндер. 2, 6, 8-
триоксипурин несеп қышқылы көп уақыттан бері жануар организмінің алмасу өнімі деп есептеліп келді. А. В. Благовещенскии (1958) ең алғаш оны жем бұршақтарынан, ал кейін келе оны баска да өсімдіктерден таба бастады. Урикоза ферменті әсерінің нәтижесінде несеп қышқылында алты мүшелі тізбек бұзылып, аллантоин түзіледі.
Аллантоиндер көп мөлшерде (Аseculus һурросаstanum) жене басқа өсімдіктерде жиналады. Пурин немесе пиримидин негізінің рибоза немесе дезоксирибозамен қосылуымен сәйкес нуклеозидтер түзіледі (аденозид, дезоксиаденозин т.б.)
NН
Нуклеозидтер фосфор кышқылдарымен этерификацияланып нуклеотидтерге айналады, нуклеозидтермен аденозиннен аденил кышқылы деп аталатын нуклеотид түзіледі. Фосфорлану С-те (аденозин-3-фосфат) немесс С-те етуі мумкін.
Нуклеотидтер өсімдіктердс ди және трифосфоннуклеотидтер түзе фосфорлануы мүмкін.Аденил кышқылдарының фосфорлану жағдайында аденозин ди- және аденозинтрифосфор қышқылдары түзіледі (АДФ және АТФ).
АДФ және АТФ, жөне дифосфо- және трифосфонуклеотидтер жоғары энергетикалық қосылыстар. Гидролизденгендс өсімдіктерде жүретін биохимиялық процеске жұмсалатын энергияның көп мөлшерін сатылы бөліп отырады.
/АТФ -> АДФ АМФ/
Нуклеотидтер езара полимерленіп, полинуклеотидтер болып табылатын нуклеин
қышқылдарын түзеді /РНК,ДНК/. Жеке нуклеотидтердің қосылуы фосфор қышқылы мен рибозаның немесе сөйкес дезоксирибозаның гидроксильді топтарының көмегімен болады.
РНК, ДНК-ң нуклеотидтік құрам, қүрылысы, салыстырмалы молекулалы массасы
/полимерлену дөрежесі/ және олардың өсімдік жасушасында таралуы казіргі кезде терең зерттелінуде.
Өсімдіктің әрбір түрі /сонымен қатар жануар және микроорганизм/ нақты осы түрге
сәйкес РНК, ДНК-ң нуклестидтік қүрамына ие екендігі анықталды.
Дәрілік өсімдіктер ішінде белоктар мен амин қышқылдары болғандықтан ғана
медициналық мақсат үшін қолданылатын шикізат объектілері жок. Бірақ оларды білу- бірқатар фармакологиялық активті заттардың биосинтезін және осы процеске әсерін түсіну үшін өте қажет.
Углеводтар /көмірсулар/
Бұл - көміртегі, оттегі, сутегіден түратын органикалык заттар болып табылатын табиғи қосылыстардың үлкен класы. Көмірсулар өздерінің атын кеміртегі және оттегі қатынасынан алды: глюкозада С2Н|2 О6 немссе С6/НО/.
Көмірсулардың қарапайым өнімдері болып моносахаридтер немесе монозалар табылады.
Олар бір- бірімен өзара қосылып масса бойынша өсетін жөне қосылыс құрам бойынша
күрделенетін олигосахаридтер, ал жоғары молекулалар — полисахаридтер немесе полиозалар түзеді.
Өсімдіктерде кездесетін көмірсулардың жіктелуімен құрамының жалпы үлгісі:
Көмірсулар
Моносахаридтер Олигосахаридтер Полисахаридтер
Тетразалар Дисахаридтер крахмал, инулин
Петрозалар Трисахаридтер клетчатка,
Гексозалар Тстрасахаридтер экстрандар
Гептозалар Пентасахаридтер маннандар, лихенин
пектиндер,
балдырлар,
гтолисахаридтер,
шайырлар, шырыштар
Көмірсулардың өсімдіктер үшін маңызы ерекше үлкен. Физиологиялық ролі бойынша
оларды үш топқа бөлуге болады:
1. Метаболиттер- биохимиялық процестердің жүруіне қатысатын және екіншілік синтез үшін бастапқы өнім болып табылатын моносахаридтер мен олигосахаридтер;
2. Қар заттары- поисахаридтердің кейбір топтары /көбнесе крахмал, инулин/ жөне кейбір жағдайларда моносахаридтер және олигосахаридтер;
3. Қүрылыстық немесе қаңқа /скелетті/ заттар клетчатка, жасушалар мен үлпалар үшін негізгі тірек.
Көмірсулар- дәрулік өсімдік шикізатының кез келген түрінің тұрақты компоненті. Олар оның негізгі массасын құрайды. Олардың мөлшері және құрамы шикізат объектісінің саласын бағалағанда ескеріледі.
Осыған байланысты көмірсулар тобы үшін дайындалатын шикізат түрінің көп мөлшері бар.
Жаңа медицинаның глюкозасыз, қызылша қантысыз, крахмалсыз, шырыш және
шайырсыз, мақтасыз, т.б заттарсыз маңызы жоқ.
Липидтер
Липидтер деп-физика-химиялық қасиеттері бойынша ұқсас, бірақ биохимиялық ролі бойынша /өсімдіктер мен жануарларда/ айырмашылығы бар май төрізді заттарды айтады.
Шығу табиғаты бойынша липидтер мыналарға бөлінеді: өсімдік липидтері, жануарлар липидтері.
Липидтерге екі түрлі табиғи қосылыстар кіреді:
1. Майлар
2. Май тәрізді заттар немесе липоидтар. Липоидтарға балауыздар мен фосфатидтер
жатады.
Липидтер өсімдіктердің барлық ұлпаларында болады. Олар май қоры түрінде немесе тор протоплазмасының құралыс компоненттері түрінде жиналады және ұрықтың даму процесіңце жұмсалатын эффективті энергетикалық материалы болады. Толық тотыққанда 1 гр майдан 9,5 ккал жылу яғни 1 гр белоктан 5,5 ккал немесе 1 гр көмірсулардан /4,1 ккал/ бөлінетін жылудан 2 есе артық жылу бөлінеді.
Протоплазматикалык, липидтер клетканың құрамды бөлігі болып табылады және маңызды роль атқарады. Липидтер мен липопротеидтерден торлар және жасушалар органойдтарының беттік мембрана қабаттары құралады: митохондриилар, плазмастидтер, ядролар. Әртүрлі заттарға торлар мен органойдтар еткізгіштігі осы мембрана құрамына байланысты.
Липидтер-кутикула деп аталатын эпидермис қабатын жауып тұратын жасуша ішілік мембрана негізш қүрайды. Кутикула қүрылысының негізгі аты болып кутин табылады, оның қүрамына майлы қатты қышқылдар кіреді. Кутиннщ жоғары қабатында қатты балауыздың жүқа қабаты бар. Тұқымдар мен жемістердің кутин қабатында дәнлер түрінде урсол қышқылының үштерпенді қосылыстарының кристалдары болады. Сондықтан, фитопатогенді микроорганизмдерге қатысты фитолецидті қасиеті бар екендігі туралы қортынды жасауға болады.
Липидтердің барлык кластары медициналык тәжирбиеде кең қолданылады. Олар майлы өсімдіктер дәні мен ұрығынан және жануарлардың ұлпалары мен органдарынан алынатын өнімдер түрінде колданылады.
Ферменттер
Тірі организмде жүретін химиялык реакдиялардың көбісі ферменттер катысында жүреді.Ферменттер немесе энзимдер-химиялық процестердің жүруін мың және одан көп есе тездететін және бұл процестердің ішінде жүруіне мүмкіндігін жасайтын спецификалық биологиялық катализаторлар.
Барлық ферменттер екі класқа бөлінеді: бір компонентті, екі компонентті.
Бір компонентті ферменттер-тек белоктан түрады. Олар көптеген танымалы ферменттерді қүрайды жөне көбісі есімдіктерде таза кристалды түрінде бөлініп алынған /амилаза, папаин және т.б./. бір компонентті ферментке мысалы, белоктарды пентондар мен полипептидтерге ьщырататын пепсин жатады. Бір компонентті ферменттердің қызыметі белок молекуласына кіретін химиялық топтарға байланысты. Бұл топтарды активті орталықтар деп атайды: активті орталық бүзылғанда, фермент өзінің каталитикалық активтігін жоғалтады .
Екі компонентті ферменттер белок жөне белоксыз бөліктен түрады. Белоксыз бөлікті простетикалык топ деп те атйады. Екі компонентті ферменттердің бір компонентті ферменттерден айырмашылығы олардың активтігі белоксыз бөлікке негізделген. Бұл активті простетикалық топ басқаша кофермент деп аталады. Коферменттер болып әртүрлі фармакологиялық активті заттар табылады, соның ішінде витаминдер, нуклеотидтер, порфиндер.
Ферменттерді зерттеудің алғашқы, кезендерінде, оларға ат қою жүйесіз түрде болды /эмульсин, пепсин, диастаза/. Сондықтан ферменттерді оларды катализдейтін реакция типіне байланысты 6 негізгі класқа бөледі:
1. Оксиредуктазалар /тотығу-тотықсыздану ферментгері/
2. Трансферазалар /тасмалдау ферменттері/
3. Гидролазалар /гидролиттік ферменттер/
4. Лиазалар /қос байланыстар түзе отырып субстраттан жеке топтарды қосатын
ферменттер/
5. Изомеразалар /изомеризация ферменттері/
6. Дигазалар /синтез ферменттері/
Бұл ферменттер қызметтеріне байланысты одан әрі таңдамалы түрде бөлінеді. Мысалы, оксидазалар-қай топ /спирттік, альдегидтік т.б / донор молекуласында тотығуға ұшырайтындығы бойынша ажыратылады. НАД коферменті /никотинамид-аденин динуклеотид/ нақтыланады.
Біз фармакологиялық активті заттардың жеке топтарының биогенезін зерттегенде
ферменттерге ораламыз. Ал өсімдік тектес дәрулік ферменттік препараттар жөнінде айтсақ, олар енді-енді ғана ферменттер номенклатурасына еніп жатыр /папаин/.
Витаминдер
Өсімдік және жануар организмінде ферменттерден басқа, тағы бір органикалық
катализаторлар тобы витаминдер бар. Табиғаты-белокты болып табылатын ферменттермен салыстырғанда, витаминдер-өртүрлі химиялық табиғаты төмен молекулалы қосылыстар.
Витаминдер организмде өтетін бяохимиялық процестермен тығыз байланыста.
Витаминдер ферменттермен өте тығыз байланыста, мысалы екі компонентті
ферменттердің активті топтарының қүрамына кіріп, коферменттер тузеді. Дәрілік өсімдіктерде витаминдер түрақты компоненттер болып табылады және кейбіреулері көп мөлшерде жиналады.
Осы себептен жоғары витаминді өсімдіктер өндірістік масштабта дайындалатын өсімдік щикізаттарының үлкен тобы. Сол сияқты витаминдердің белгілі топтарына бай жануар тектес объектілер дөрілік каталог қүрамына енеді.
Екіншілік синтез заттар
Өсімдіктер организмінде белоктар, көмірсулар, липидтермен қатар екіншілік синтез заттар органикалық қосылыстар синтездследі. Оларға: органикалык қышкылдар, көптеген фенолдык қосылыстар, гликозидтср, эфир маиы, шайыр, алкалоидтар жоне т.б. табиғи қосылыстар топтары жатады. Олардың барлығы өсімдіктерде зат алмасуға қатысып блгілі бір қызметтер атқарады.
Олардың организмдс жүруі әртүрлі. Мысалы, кейбір органикалық кышкылдар көп мөлшерде жиналмайды жөне түзілгеннен соң оны өсімдік басқа синтетикалық мақсатқа жаратады. Ал кейбір көп мөлшерде жиналатын заттар керісінше, қрамында алкалоидтар, эфир майлары, сапониндер, илік заттар топтары бар есімдіктер тобының негізі. Олар медицинада-бағалы шикізат көздері. Осыған байланысты фармакогнозия курсы толығымен екіншілік синтез заттарын зерттеуге арналғандықтан органикалық кышқылдарға ғана қысқаша сипаттама берейік.
Органикалық қышқылдар
Органикалық қышкылдар-табиғи карбон қышқылдары тобына жататын, оның
молекуласында функционалдық карбоксил топшасы –С-ОН болатын органикалық қосылыстарды айтамыз.
Егер молекула қүрамында бір карбоксил тобы болса онда ол қышқылды (кұмырсқы,
сірке) бір негізді, екеу болса-екі негізді жөне т.б.
Өсімдіктердің бойында күрделі биохимиялык процестердің нөтижесінде пайда болад
Мысалы, көмірсулар, майлар, аминоқышқылдар және белоктар тотыққанда. Сонымен бірге, органикалық қышқылдар қанттардан шыққан өнімдері, олар стероидтерді, сапониндерді, алкалоидтарды аминоқышқылдарды синтездеу процестерінде паидаланылады.
Органикалык қышқылдар анион бойынша бірнеше бөлінеді: алифатты, ароматты,
ацикілді, амноқышкылдар және депсидтер.
Ұшқыш алифатты кышқылдарға мынадай бір негізді қышқылдар жатады: қүмырсқа,
сірке, пропион, май, изовалернан. Ұшпайтын алифатты қышқылдардың қүрамында гидроксил тобы (оксиқышқылдар), не карбоксил тобы кездеседі. Табиғатқа өте кең таралған алма және лимон кышқылдары, олар өсімдіктің барлық түрлерінде бар, меселен, лимон қышқылы көп мөлшерде (96%)-лимонда, ал темекінің жапырағында (7-8%). Алма қышқылы шетеннің жемісінде, зиректе (6%-ке жуық), ал темекінің жапырағында 6,5%-ке жуык табылған.
Ароматты қышқылдарда бензой, галла, фенолкарбон қышкылдары (кофе, хлороген,
неохлороген) т.б. жатады.
Өсімдіктерде алицикілді қышқылдар (шиким, хина) мол мөлшерде жиналады. Мысалы, қаражидекте, мүкжидекте, кофе, цинхона қабығында 9%-ке жуық хина қышқылы кездеседі.
Хина қышқылы пантотен қосылыстардың биосинтезінде тікелей катынасы бар. Шиким
қышқылы алғашқы рет жүлдыз анистің мәуелінен алынған.
Ол органикалық аминоқышқылдарының, корич қышқылының, флавоноидтардың,
личниннің т.б. табиғи қосылыстардың биосинтезінде үлкен маңызды роль атқарады.
Минералдық заттар
Өсімдіктерде болатын минералды заттар екі топқа белінеді. Бірінші топқа
микроэлементтер деп аталатын: калий, натрий, кальций, магний, марганец, кремний, хлор,фосфор кіреді. Екінші топқа микроэлементтер деп аталатын: темір, мыс, мырыш, йод, барий, т.б. жатады.
Фосфор қышқылы түрінде болатын аденозинтрифосфор қышқылының қүрамына кіретін фосфордың маңызын АТФ-тың АДФ-ке өткендегі бөлінетін энергия көзі ретінде түсіндіруге болады. Темір, мыс, молибден жөне т.б. көп ферменттердің қүрамында кездеседі /цитохром және т.б./. магний хлорофиллдің кұрамды бөлігі көмірсулардың ьщырауы мен айналуын реттейтін ферменттерді активтейді.
Пектин кышқылдарының кальций және магний түздары жеке торлардың қабырғалары өзара желімдейтін пектин негізін қүрайды. Протоплазманың су ұстағыш қабілеті құрамына байланысты. Минералды элементтер өсімдік организмінде маңызды роль атқарады. Себебі өсімдіктер-минералды заттарды жсткізуші болып табылады.
Микроэлементтер қазіргі кезде қан ауруларын, қатерлі ісік ауруларын емдеуде маңызды орын алып жүр. Бүл қатынаста дәрілік заттарға негізгі қызығушылық туып отыр, себебі жаңа галенді препараттарын қолданғанда, олардың емдік өсері қүрамындағы фармакологиялық активті зат әсері микроэлементтер әсерімен қосыла болады.
Фармакогнозия қүрамында микроэлементтерге бай дорілік өсімдіктер белок шикізат
тобына бөлінбейді, бірақ манганофилдер деп аталатын өсімдіктер белгілі /мысалы, дәрулік балшытыр, коктемдік бәйшешек./
Дәрілік өсімдіктерде минсралды заттардың болуы, шикізат түріне байланысты мөлшері әртүрлі болатын күл мөлшеріне байланысты /3-тен 25%-ке деиін/. "Жалпы" күл және 10% түз қышқылына ерімейтін күл бар. Күл дегеніміз-өсімдік материалынан күлдегенде пайда болатын қалдық. 10% түз қышқылына ерімейтін күл қалдығы кремне-жерлік деп аталады, жөне өсімдіктің шандану дөрежссін көрсетеді. Ал ерітіндіге толык өтіп кеткен күл өсімдіктің табиғи күлі болып табылады жене оның күрамы макро- және микроэлементтердің көзі ретіндегі дәрілік өсімдіктің сапасына тән. Микроэлементтердің ішінде табиғи күлде кобіне калий үлесіне тиеді, оның мөлшері күлдің 50%-ін қүрайды. Микроэлементтердің қүрамы әртүрлі күлде болатын кейбір сирек кездесетін элементтер топырақтың өзіндік индикаторлары болып табылады.
Дәрілік заттардың химиялық кұрамынын өзгергіштігі
Дәрілік өсімдіктерде фармакологиялық активті заттардың түзілуі және жиналуы өсімдік биогенезінде өзгеріп отыратын және қоршаған ортаның көптеген сыртқы факторларына байланысты болатын динамикалық процесс.
Онтогенез деп-организмнің қалыпты өмір сүру циклінің өту процесін, яғни үрыктың
пайда болуынан өсімдіктің табиғи жойылуына дейінгі кезенді айтады. Онтогенез кезінде өсімдік вегетативтік даму, гүлдеу, жсміс беру фазасынан етеді. Өсімдіктің өрбір торысы, органы ең алдымен өсіп, белгілі өлшемдерге жеткен соң оздсріне тән қызметтерді атқарып, ең соңында өледі. Онтогенез, зат алмасудың өзгеруімен бірге жүреді. Соның ішінде белоктар, көмірсулар, липидтер /сол сияқты ферменттср және олардың коферменттері-витаминдер/ екіншілік синтез өнімдерінің түзілу динамикасында өзгерістер болады /алкалоидтар, гликозидтер, терпендер, фенолды қосылыстар және т.б./.
Онтогенетикалық белгілерге ең алдымен фармакологиялык активті заттардың
өсімдіктердегі жүйелік бөлінулердегі арнайы топтарының сапалық түзілуінің ерекшеліктерін жатқызу керек.
Құрамында тек эфир майлары немесе алкалоидтар немесе т.б. бар өсімдік топтары
жалпыға белгілі. Туыс өсімдіктерде бірдей химиялық заттардың түзілуі тек филогенетикалық жақын түрлерде үқсас заттар түзетуі ферменттер болғанда ғана мүмкін болады, басқаша айтқанда өтіп жатқан зат алмасу процесінің үқсастығы.
Басқа онтогенетикалык, срекшелігі болып, фармакологиялық активті заттардың есімдіктер органдарында біркелкі емес таралуы және олардың белгілі бір органдарда жиналуы. Мысалы, Хин ағашында алкалоидтар тамырында жиналған, ал діңгегінде тіпті жоқ. Сол сияқты жүрек гликозидтері өсімдіктердің тек жапырақтарында, балдыркөктерде эфир майлары тек ұрықтарында, жемістерівде жиналады. Сонымен қатар фармакологиялык активті заттардың сапалық құрамы бір өсімдіктің органдарында әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, мияның жерасты органдарында глициризин қышқылы түзіледі, ал жерүсті бөліктерінде ол болмайды, бірақ үштерпенді қосылыстар кездеседі.
Осыған байланысты биохимиялық белгінің тектік корелляцияға тән нәрсе байқалады. Ол өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде қайталанып отырады және кореллятивті байланыста болады да, қарастырылып отырған түр өсімдіктеріне беріледі. Мұның өзі морфологиялық ұқсастықпен катар тектік немесе одан да күрделі жүйелік бірлікті, физиологиялық біріктіретін байланысы, басқа жағынан алып қарағанда, жекелеген түрлері морфологиялық белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылмайтын, бірақ әсер ететін заттардың мөлшерінің сапалық кұрамы бойынша ажыратылатын дәрілік өсімдіктердің түрлері белгілі. Олар хеморастар деп аталады, олардың
белгілері ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Жақын өсетін бір түрлі өсімдіктің жекеленген түрлері бір-бірінен оларда түзілетін әсер
етуші заттардың мөлшері бойынша ажыратылатындығы белгілі. Бұл қасиет-тұқым қуалайды және бұл түрлердің ұрпақтары тіпті басқа климаттық аймаққа ауыстырған күннің өзіндеде кұрамындағы әсер етуші заттардың мөлшерінің жоғарылығымен /немесе төмендігімен/ ерекшеленеді.
Әсер етуші заттардың тузілу динамикасы онтогенетикалық заңдышықтарға бағынады. Әсер етуші заттардың шығуына өсімдіктің жасы, жыл мезгілдері, ал эфир майлы өсімдіктер үшін күннің әр түрлі уақыттары да әсер етеді. Әсер етуші заттың құрамына өсімдіктің даму фазасы едәуір әсер етеді. Мысалы/майкене тұқымындағы май мөлшері сүтті пісу фазасынан түқымның толық шаруашылық дамуына дейін үздіксіз көбейіп отырады және ол 100% мөлшерін құрайды. Өсімдіктің даму фазасына тек қана мөлшері ғана емес, сонымен қатар әсер етуші заттардың сапалық құрамы да байланысты. Классикалык, мысал ретінде кориандр эфир майын келтіруге болады, оның қүрамы өсімдіктің толың дамыған периоды кезімен салыстырғанда, түқымның сүтті пісу периоды кезіндегі құрамы тіпті өзгеше. Басқа мысал-бұрыш жалбыз эфир майындағы ментол мөлшері /бос жөне байланысқан/ өсімдіктің гүлдеу периодыңда көбейеді.
Қоршаған ортаның сыртқы факторлары әсерінен де дәрілік өсімдіктердің химиялық
кұрамының өзгергіштігі байқалады.
Дәрілік өсімдіктердің қоректенуі және қоректік заттардың көзі ретінде-топырақтың
маңызын айтуға болады және физикалық орта-белгілі механикалық қүрамы бар, жылылык дәрежесі белгілі су мөлшерінен, газдың және микрофлораның болуын қарастырайық. Мысалы,инсектицидті далмат түймедағы /Ругеіһшт сіпегагііГоІшт Тгсү./ өзінің отаны-Далматта жабайы түрінде күншуақта және тасты топырақта жақсы оседі. Ксерофитті сипаттағы ароматтық өсімдіктердің көбісі қүрғақ кейде тасты топырақты қалайды. Мысалы, жас жебіршөп және т.б.
studfiles.net




















