Қалаулым бағдарламасы тікелей эфир: ҚАЛАУЛЫМ ДС-ЖМ В 12:00 — Первый канал «Евразия»

Бір Болайық — реалити шоуы

реалити шоуы

Әлеуметтiк желiде бөлiсу

Бізге тікелей эфирге xабарласыңыз
Ұнаған қатысушыға үміткер болыңыз

БІЗДІҢ КЕРЕМЕТ ЖҮРГІЗУШІЛЕР!

Камила Саян

Бортсерік, блогер, іскер ханым.
1992 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетін 2013 жылы “екі шет тілі: ағылшын тілі және түрік тілі” мамандығымен бітірген.
2014 жылдан бастап ұлттық әуекомпанияда бортсерік қызметінде жұмыс істеп келеді.
“Қалаулым” жобасында өмірлік жарын тауып , тікелей эфирде нәтижеге жетіп, той жасаған жұптардың бірі.
Қазіргі таңда, Алан есімді ұлы бар.
Үлкен отбасы келіні, жануарларды, әсіресе мысықтарды жақсы көреді.

Instagram

ШАҺ-КЕРІМ КӘРМЕНОВ

Шаһ-керім Кәрменов 1990 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Журналистика» факультетін бітірген. «Қалаулым» бағдарламасының жүзеге асырылуына, ғашық жандардың қосылуына, жаңа отбасылардың өмірге келуіне ат салысып келе жатқан жандардың бірі. Қазіргі таңда, отбасылы. Жары Қымбат екеуі Әміржан есімді ұл тәрбиелеп отыр.

Instagram

Біздің қатысушылар

Бурбаева Асем

Кадыров Даулет

Камила Болатбек

Еркінбек Лаура

Ақан Асқат

Өтегенов Данияр

Янтаев Мейірбек

Уалиханқызы Құндыз

Бекешева Аружан

Бейсенова Мадина

Карымсаков Ерлан

Тасболат Ақанай

Сеитова Аигерм

Кажденбекова Ақнұр

Мурзабеков Абылай

Жаркимбаева Балназым

Жакенов Ерасыл

Қосыбаева Ақерке

Жұмабай Нұрлан

Жамал Нурсултан

Харжаубаева Жаннур

Жамбыл Еркебулан

Аманғали Жаңылхан

Бегельдиева Мадина

БІЗДІҢ ШОУДЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ҚАРАҢЫЗДАР!

Енді көлікте кетіп бара жатсаңыз да, саяxаттап жүрсеңіз де, ғаламшардың қай жерінде болсаңыз да, кез келген жерден біздің шоуды тамашалау мүмкіндігіңіз бар. Сіз ешқашан «Бір Болайық» жаңа түсірілімін жіберіп алмайсыз және жаңалықтардың бәрімен xабардар боласыз.

Сериялар мен эксклюзивті видеолар

Эксклюзивті видео

Ең үздiк бағдарлама

Қазіргі телевизияда тікелей эфир көп болуы керек

Қазіргі ақпарат нарығы телевизия мазмұны мен маманынан нені талап етіп отыр? Теледидар контентінің сапасын қалай арттыру керек? Белгілі тележурналист, «Хабар» агенттігі жаңалықтар қызметінің Алматы бюросының бас редакторы Талғат Құспаев жеке курсында осы туралы дәріс беріп жүр. Ол 22 жыл ішінде телехабар таратудың көп жанры бойынша қызмет еткен.

Телевизияның хабар таратуына интернет қалай әсер етті?

Қазіргі телевизия, көркемдеп айтқанда, таттана бастады. Өзгеріске дайын емес. Телевизия интернетпен, YouTube-пен, басқа да әлеуметтік желімен бәсекеге түсе алуы керек. Қазір мессенджер арқылы ақпарат тез тарайды, телехабар тарату өзекті болмай бара жатыр. Таңертең тараған ақпарат кешке дейін ескіріп кетуі мүмкін. Сондықтан қазір телеарналарға мүлдем жаңа «ми» мен өзгеше ойлайтын тілшілер керек.

Кешке жаңалық көру үшін теледидарды қосқан адамға күндіз лентада, әлеуметтік желіде жазылғаннан, айтылғаннан да көп нәрсе ұсынып, ақпараттың бұған дейін ешкім ашып көрсетпеген тұсын жеткізуіміз қажет. Телехабардың онлайн жаңалық ленталарынан артықшылығы — «картинканы» — бейнені, тірі эмоцияны көрсетуге болады. Біздің басымдығымыз — осы.

Қазақстандағы телеарна жаңалықтары заманға өте баяу бейімделіп жатыр, ал мен бұл процестің жылдам болғанын қалар едім. Иә, телевизияда өндіріс нюанстары жетеді. Сюжет үшін камераны, көлікті, операторды дайындауың керек. Ал басқа журналистер осы уақытта смартфонмен комментарий алып, ақпарат беріп үлгеруі мүмкін. Интернет журналистері асүйде отырып та жаңалық жасай алады. Ал бізге оқиға орнына барып, оны көзбен көріп, түсіру қажет. Өйткені «картинка» болмаса, ештеңе айта алмайсың.

«Хабар 24» арнасынан қазір әуесқой видеоны көп байқауға болады. Мұндай видеоматериалдарды қарапайым көрермен емес, журналистеріміз де түсіріп, эфирге қолданады. Қазір кейбір смартфон телеоператордың кәсіби камерасынан да жақсы түсіреді. Төтенше жағдай кезінде редакциядағы тілшілерден оқиғаны смартфонға түсіріп, видеоны WhatsApp-пен жіберуді сұраймын. Өйткені қазіргі телевизия барынша тез әрекет етіп, жылдам ақпарат беруге тиіс. «Хабарда» жұмыс істеу өзіме несімен ұнайды десеңіз, мұнда мықты ресурс — тәулік бойы жаңалық тарататын «Хабар 24» бар. Әр 20 минут сайын ақпаратты жаңартып, өңдеп отыруға болады.

Телевизияда біз қашып құтыла алмайтын қағиданың бірі — монтаж. Журналист видеоматериалды жазған мәтініне байланысты құрастыруы керек, соған қарамастан ақпаратты мүмкіндігінше жылдам беруге тырысу да қажет.

Талғат Құспаев. Фото жеке архивінен

Телеарнада жаңалық контентін қалай жасау керек?

Қазіргі журналистер эксперимент жасаудан қорқады, тек камераға қарап, микрофонға сөйлегісі келеді. Стендап үшін тексті алдын ала жазуды ойлайды. Шынайы эмоциясын жасырады, бірақ бәрін идеал етіп көрсету көрерменді жалықтырып жібереді. Қазір әлеуметтік желілердегі блогерлер не себепті мегатанымал? Өйткені олар кез келген жерге барады, шынайы эмоциясын көрсетіп, импровизациясымен алып шығады. Дайын тексі, суфлеры жоқ, тіпті дауысты қалай шығаратынына да бас қатырмайды. Қаласа, отырады, жүгіреді, күледі, мұңаяды. Бізге, тележурналистерге осы нәрсе жетпей жатыр.

Жүргізушінің немесе журналистің кадрда жылауы немесе күлуі теріс әрекет болып есептелмеуі қажет. 2018 жылы Денис Теннің қайтыс болғаны туралы жаңалықты оқып тұрған жүргізушінің жылап жіберген видеосы тарады. Ал 2019 жылы Нұр-Сұлтанның бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтановтың баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева жантүршігерлік өрт салдарынан бес қыз бала қаза болғаны туралы хабарлап тұрғанда көз жасын ұстай алмады.

Бұл екі мысалда анығы — халық олардың айтқан дерегіне емес, жылаған сәтіне назар аударды. Көрермен дәл осындай шынайы эмоцияны көргісі келеді. Егер халықтың сүйіктісі Денис Тен кісі қолынан қаза тапқан болса, жүргізушінің жылауға құқы бар. Өйткені тележүргізуші де — адам. Жаңалықты оқыған сәтте оған да «Қандай сұмдық, оны қалайша өлтірді?!» деген ой келген шығар.

«Хабар 24» арнасында Асхат Ниязов деген журналист бар. Оны неге жақсы көремін? Өйткені ол эмоциясын ешқашан жасырмайды. Асхат бірде боран кезінде жолда тұрып қалған автокөліктер туралы хабарлаған еді. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі бір әйел жолда босанып қалғанын айтты. Сол кезде Асхаттың қалай қуанғанын, күлгенін, құттықтағанын көрсеңіз ғой. Тағы бір тікелей эфир кезінде ол мұрнын үсіріп алды. Тележүргізуші журналистің ағара бастаған мұрнын көріп, шошып кетті де,  студиядан соны тілшіге дереу ескертіп, уайымдап тұрғанын айтты. Міне, қазір тікелей эфирге осындай шынайылық керек.

Сонымен бірге Асхаттың Нұр-Сұлтандағы жәрмеңке туралы сюжеті де ерекше болды. Егер басқа тілшіге дәл осы тапсырма берілсе, сюжетті стандарт бойынша дайындар еді. Ал Асхат жәрмеңкенің ішіне кіріп, шын мәнінде етті қалай шауып жатқанын және санитария талаптарына сай келмейтін басқа да нәрселерді көрсетті, эфирге берді. Осыдан кейін билік бұл мәселеге назар аудара бастады. Бұл керемет қой.

Иван Тулинов те — тамаша журналист. Ол таңертең тікелей эфирге шығып, Үкімет отырысынан хабар таратса, бір сағаттан соң студияда жаңалық оқып отырады.

Қазір адамдар көшеде камераңа, микрофоныңа, не айтып жатқаныңа қарамайды. Қасыңа келіп, түрлі әрекет жасауы мүмкін. Біз бұрын мұндай нәрседен қорқатынбыз, қашып кететінбіз, мазаламауын өтінетінбіз. Иван 2018 жылы Нұр-Сұлтанда өткен шаңғы жарысынан тікелей эфирге шықты. Жарыс туралы енді ғана айта бастағанда мереке костюмін киген көңілді кейіпкерлер оны құшақтай бастады. Журналист «Тікелей эфирдемін, маған кедергі жасап жатсыздар» деген жоқ, керісінше, олармен қосыла күлді. Иван студияда жаңалық жүргізіп отырғанда тікелей эфирге басқа журналист қосылса, оның айтқанына да дәл сондай реакциясын көрсете алады.

Қазіргі телевизияда тікелей эфир көп болуы керек деп есептеймін. Көп арнада жаңалықтардың уақыты сағат 20.00 мен 21.00 арасында беріледі. Елде қандай сұмдық оқиға болса да, «біз мынадай уақытта эфирге шығамыз» деп отыруға болмайды. Осындай сәттерде әр сағат сайын ақпарат беру қажет.

Сонымен бірге қазіргі телеарнада ірі план көп болуы керек екенін журналистер мен операторларға үнемі айтамын. Қазір эфир контентін жасайтын режиссер мен оператор адамның бетін немесе иығын кесуден қорқады. Америка телеарналарын қоссаңыз, адамның кейде жарты беті жоқ, бірақ ол жылап немесе күліп, өзінің сөзін айтып жатыр. Неге ірі план? Өйткені ол кезде адамның көзін көресіз. Көрермен оның көзінен бәрін көреді, эмоциясын түсінеді.

Талғат Құспаев. Фото жеке архивінен

Көрермен талғамы телеарна мазмұнын қалай өзгертті?

Қазақстан телеарналарында концерт, шоу көп. Өйткені халықтың көретіні — сол. Ал вакцинация туралы немесе Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм дайындасаң, рейтингі нөл болады. Ешкім көрмейді. Осындай сәтте кез келген телеарнаның алдында «Өнер, тарих пен әдебиет туралы бағдарлама, фильм дайындау керек пе, әлде сұмдық рейтинг жинап жатқан концерт, шоуларды көрсете беру керек пе?» деген сұрақ тұрады. Мұндай кезде не істеу керек екенін өзім де білмеймін. Өйткені Қазақстан көрерменінің мәдениет деңгейі — осы.

Қазір көрермен сұранысына ие бағдарламалардың бірі — «Қалаулым». Бағдарлама туралы талай негатив жазылды. «Жабу керек» деп министрге хат жазғандар да болды, соған қарамастан сұранысқа ие. Адамдар бағдарламаны 3 сағат бойы тапжылмай көреді. Өйткені көрерменге бұл ұнайды. Олар бейәдеп нәрсені, ерсі қарым-қатынасты, жанжалды көргісі келеді. Бізде пайдалы хабарлар да түсіріліп жатыр, бірақ бұл көрерменге емес, тек өзіміз үшін түсіріп жатқандай әсер қалдырады.

Көпшілік көрерменді тойдан өзге ештеңе қызықтырмайтын сияқты. Прокатқа шығатын фильмдердің дені той немесе келін өмірі туралы. Басқа фильмдер касса жинамайды. Егер ғылым туралы керемет жоба немесе фильм дайындасаңыз, оның рейтингі төмен болатынына сенімдімін. Негізі біз сондай рухани маңызы жоғары нәрсеге ұмтылып, сол арқылы мақтануымыз керек еді ғой, бірақ нарық оған мұрша бермей жатыр.

Талғат Құспаев. Фото жеке архивінен

Телеарна жаңалығының тілшісі қандай болуы керек?

Төтенше жағдай немесе трагедия болды делік, мұндай кезде тікелей эфирге шығатын журналист өзіне «қандай жағдайда бұл трагедия болмас еді», «дәл осы апат болмауы үшін автобус қалай жүруі керек еді», «ұшақ қалай ұшуы керек еді?» деген сияқты сұрақтарды іштей қойып алып, дайындалуы қажет. Тікелей эфирде оқиға орнынан көрген-білгеніңді айтуға, ресми ақпарат болмағанына қарамастан көрермен үшін маңызды хабар жеткізуге тура келеді. Біз баяғы жанр классикасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Тележурналистер оқиға орнынан қаз-қалпында хабар бергеннен гөрі баспасөз мәслихатында айтылатын ақпаратты таратқанды артық көреді. Мысалы, Bek Air компаниясы ұшағының апатынан зардап шеккен азаматтар жатқан ауруханаға баруға тырыспаймыз. Иә, бізді онда ешкім шақырмайды, ешкім күтпейді. Сонда да баруымыз керек. Егер ішке кіргізбесе, сыртта күтуге болады. Өйткені онда жылап, уайымдап жүрген адамдарды көреміз. Солардың арасынан апатқа ұшыраған ұшаққа қатысы бар адамдарды табамыз.

Мен қазір тележурналистика бойынша авторлық курс өткізіп жүрмін. Онда тыңдаушыларға «BBC-ді қосыңыз да, журналистердің қалай жаңалық оқып, хабар таратына назар аударыңыз» деп үнемі айтамын. Ағылшын тілін білу деңгейіңіз ондағы айтылған ақпаратты түсінуге жетпесе де, көріңіз. Өйткені оған емес, ақпаратты беру тәсіліне, картинкаға мән бересіз. Тікелей эфир кезінде журналист ақпарат айтса, студияда отырған жүргізуші де оған реакциясын ұялмай, көрсетеді. Күледі, таңданады. Олар жанды эмоция алмасады.

Журналиске ақылды болудың керегі жоқ. «КТК» телеарнасында жұмыс істеп жүргенімде маған авторлық текст аз деген ескерту жасалды. Мен сарапшыға немесе кейіпкерге ойын барынша айтуға мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Бәрін керемет түсіндіріп беретін сарапшы барда мен неге ақылды болуым керек? Журналистердің бірқатары сарапшының айтқан сөзінің көп бөлігін автор мәтініне айналдырып, төл сөздің бір тілімін ғана береді. Эфирден соң әлгі сарапшы редакцияға хабарласып, «Бұдан кейін сіздерге сұхбат бермеймін. Өйткені сіздер мені 3 сағат бойы түсірдіңіздер, бәрін өзіңіз баяндап, мені 5 секунд қана ой айтқандай етіп көрсеттіңіздер» дейді. Сол себепті тақырыпты ашып, сауатты айтып беретін адамды сөйлету керек. Журналист «Осы тақырып бойынша сарапшы айтып берді, тыңдап көрейік» деп модератор болуы керек. Егер спикер ойын жеткізе алмаса, сонда ғана өз сөзімізді жазып, оны толықтыру үшін басқа сарапшының пікірін алуға болады.

Бір тележобаның концепциясын жасағанда ешқандай тілшінің стендапы, ешқандай журналистің комментарийі, ойы, тұжырымы болмауына мән бердім. Мысалы, полиция қызметкері туралы материал дайындасам, оның барлығын кейіпкердің өзі айтуы керек. Әріптестерім «Бұл дұрыс шешім екеніне сенімдісің бе, кадрда журналист болуы керек қой?» деп күмәнмен қарады. Менің ойымша, осы дұрыс. YouTube-те ешқандай репортерсыз видеоларды бәрі көреді. Олардың видеосы біздегі әдемі шаш үлгісі мен макияж жасалған жүргізушісі бар бағдарламаларға қарағанда танымал.

Талғат Құспаев. Фото жеке архивінен

Ресми телеарналарда мемлекеттік үгіт-насихат неге шамадан тыс көп?

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы неге керек екенін әлі күнге дейін түсінбей жүргендер бар. Бұл жоба күн сайын көріп жүрген артистерден, журналистерден басқа елде кімнің тұрып жатқанын білуге мүмкіндік береді. Өйткені Қазақстанда олар ғана өмір сүріп жатқан жоқ қой. Біреуді өлімнен құтқарған, ғылыми жаңалық ашқан адамдар да бар. Олар туралы неге айтпауымыз керек? Бұл адамдар да назар аударуға тұрарлық қой. Олар да өздері жайлы айтылғанын қалайтын шығар. Осындай жобалар арқылы барлық мамандықты құрметтеуге болады. Мысалы, қазір полиция қызметкерлеріне деген негатив көзқарасты көп байқауға болады. Олардың митинг кезінде адамдарды ұстап, автобусқа сүйреп жатқаны түсірілген роликтер көп шу болды, бірақ полицейлердің бәріне бірдей күйе жағуға да болмайды ғой. Құрметтеуге лайық қызметкерлер де бар. 20-қабаттан секіргісі келген қызды құтқарған, үш қартты өрттен аман алып қалған полицейлер бар. Өзім сондай тәртіп сақшылары туралы сюжет түсіргенмін.

Related Posts

Begin typing your search term above and press enter to search. Press ESC to cancel.

Back To Top