Балапан телеарнасы тікелей эфир: «Балапан» телеарнасы тікелей эфирде хабар тарата бастады

«Балапан» телеарнасы тікелей эфирде хабар тарата бастады

«Балапан» телеарнасы тікелей эфирде хабар тарата бастады — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн көрсетілім

04:00

Эфирде

Өмір көркем

Өмір көркем

Эфирде

Онлайн  қарау

04:50

Ары қарай

Әнұран

Әнұран

Ары қарай

23.04.2014


«Балапан» телеарнасы тікелей эфирге шығатын «Ойлан, тап!» атты жаңа бағдарламаның тұсауын кесті.   Бағдарлама  викториналық сұрақ-жауап түрінде өтеді. Хабарды 13-14 жастағыбалалар  жүргізеді.

 

Бағдарлама барысында  тікелей эфир телефонына хабарласқан балаларға  викториналық сұрақтар қойылады. Әр бағдарлама соңында  «Ойлан, тап!» жеңімпаздары анықталып, оларға арнайы сыйлықтар беріледі. Бағдарламаға «Балапан» телеарнасының кез-келген  көрермені  қатыса алады.


«Ойлан, тап!» жобасы дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 12:15-те эфирге шығады. Тікелей эфир телефондары: 8 (7172) 559-777, 559-888.

 

  • Портал
Хабарламаларға жазылу

Соңғы жаңалықтар

25.11.2022

«Қазспорт» арнасының тікелей эфирінде Қатар мен Сенегал арасындағы ойын өтіп жатыр

25. 11.2022

Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді

25.11.2022

Мемлекет басшысы ресми сапармен Ресейге барады

25.11.2022

ИИДМ: «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жалғастыру керек

Соңғы бейнелер

26.11.2022

PARASAT MAIDANY

Мерседестің атасы — Карл Бенц

25.11.2022

Бауырлар

64-бөлім

25.11.2022

Жүрегімнің жауhары

Соңғы 10-бөлім

25.11.2022

Aqparat

Ақпарат — 20:00

«Балапан» бала болса да, даналығын көрсетті

«Балапан» деген атпен осыдан 1 жыл бұрын ғана тұсауын кескен арна өз туған күнін «Қазақстан» ұлттық телеарнасымен бірлесе отырып, қайырымдылық акциясымен атап өтті. «Бала» болса да – даналығын көрсеткен телеарнаның осынау сауапты тірлігі халықты ізгілікке шақырған ғанибетті оқиға екені даусыз.
Яғни, «Балапан» телеарнасы 27 қыркүйекте сағат 13.00-14.00 және 17.20-17.45 аралығында «Қа­зақстан» ұлттық телеарна­сы­ның тікелей эфирінде ауыр нау­қасқа шалдыққан үш баланың сауы­ғып кетуі үшін тікелей эфир­ден көмек-акциясын ұйымдастырды.
Бұл бүлдіршіндер – ас­та­на­лық Рамазан Есмағамбетов, ақтө­белік Диана Мақсат және тал­ғар­лық Гүлнәз Омарбекова болатын. Айта кететін жайт, қайырым­ды­лық акциясына ұлттық арна эфи­ріндегі «Жан жылуы» бағдар­ла­ма­сының кейіпкерлері негіз болды.
Рамазан аяқталма­ған остеогенез дертіне шалдық­қан. Түсінікті тілмен айтқанда, сүйегі қатпаған­дықтан, осы күнге дейін сүйек­тері елу жерден сынған. Соңғы екі жылда Мәскеу қаласында ем алуда. Жылына екі рет ем-дом алуы тиіс.
Ал Диана церебральді сал ау­руына шалдыққан. 12 жастағы қыз­ға жүйелі түрде сауықтыру шаралары керек. 5 жасар Гүл­нәз­ға микрокорнеа, Петерс син­дро­мы деген диагноз қойылыпты. Көзі көрмейді. Операция жасалса, көру мүмкіндігі бар.
Көңілге шуақ ұялататыны – қайырымдылық акциясына, кә­сіп­керлерді айтпағанда, студенттерден бастап, зейнеткерлерге дейін атсалысты. Акция жан­ашыр­ларының қатары күн сайын к­ө­бейіп келе жатқан көрінеді.
Ал тікелей эфир барысында студияға елге танымал тұлғалар ша­қырылып, Алматы қаласы ден­саулық сақтау басқармасының бас педиатры Ләйлә Иманғалие­ва, Олимпиада чемпионы Жақ­сы­лық Үшкемпіров, қаладағы Тас­тақ мешітінің бас имамы Кенжебек Мырзабаев, «Дос-Мұқасан» то­бынан Ақжол Мейірбеков, Мұрат Құсайынов акцияға араласты.
Ал бұл кездерде науқас ба­лаларға қаржылай жәрдем бергісі келетін отандастарымыз үшін арнайы банк есеп-шоттары жұмыс істеп, жанашыр азаматтардан қа­ражат қабылдап жатқан банкпен тікелей байланыс ұйымдасты­ры­лып, жиналған қаржы туралы мәлімет беріліп отырды.
Науқас балалардың есеп-­шо­тына ақша салған кәсіпкер Қа­дір­құл Сырман, әнші Ескендір Ха­сан­ғалиевтің отбасы, шәкіртақы­сы­ның бір бөлігін аударған магис­трант Сымбат Әбіжановпен әң­гі­ме көпке әсер еткені сөзсіз. Айт­қандай, тікелей эфирде аядай ғана бөлмеде тұрып жатқан Рамазан Есмағамбетовтің отбасының жанайқайына Астана қаласының әкімдігі үн қатып, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс еткенін жүргізушілер сүйіншілеп жеткізді.
Міне, осылайша, қайырымды­лық қазақтың қанында бар қа­сиет екенін көрдік. «Балапан» ак­циясы өтетінін естіп, редакцияға хабарласқан үлкен жүректі азаматтар да көп болды. Соның бірі осындай қайырлы істердің ба­сын­да жүретін кәсіпкер, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Құсман Шалабаев еді.
Нәтижесінде, халықты қайы­рым­дылыққа шақырған акциядан 5 сағаттың ішінде 1 миллионнан астам теңге жиналғаны мәлім бол­ды. Ал осы іске ұйытқы бол­ған 1 жастағы «Балапан» теле­ар­на­сы бүгінде тәулігіне 12 сағат мемлекеттік тілде хабар тарата­ды. Бір жылдың ішінде көрермен назарына 12 бағдарлама, 1 муль­ти­пликациялық сериал ұсыныл­ды. Атап айтсақ, бүлдіршіндерді шынығуға шақырған «Алақай, Балақай!», «Толағай», тәтті ұй­қы­ға жетелеген «Айжұлдыз», білім­нің есігін қақтырған «Әліппе», қиялға қанат бітірген «Шеберхана», танымды арттырған «Кел, ойнайық!», «Еркетай», көңіл пернелерін басқан «Ән салайық!», «Айгөлек» және т. б. бағдар­ла­ма­лар мен ғаламның ғажайып сыр­ларын ашқан «Ғажайыпстанға сая­хат» (200 серия) мульт­се­риа­лы – «Балапан» телеарнасының отан­дық ақпарат кеңістігіндегі өзіндік беталысын танытты.
«Балапан» телеарнасы көрер­менін жуырда ойын-сауықтық «Құ­лыншақ», әзіл-сықақтық «Тен­тегім», оқу-танымдық «Хеллоу, Балапан!» бағдарламаларымен қуантпақ. Ал шытырман оқиға­лы «Балдырған» мультсериалы – отандық телевизиядағы соны жаңалық болмақ. Мультип­л­и­ка­ция­лық сериал елордамыз Аста­наның мәртебесін көтеріп, ауыл­дың жағымды имиджін қалып­тастыруға қызмет етпек.
Балалар телеарнасы озық отан­дық әрі әлемдік балалар кино­сы мен анимациялық шығармаларын көрермен назарына қазақ тілінде (сапалы дубляж өнімдері) ұсы­натын бірден-бір арна. Мәселен, осы уақыт аралығында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ки­ностудиясы түсірген 32 мульт­фильм көрсетілді. «Балапан» ар­насы ендігі ретте балалар киносы мен анимациялық фильмдерінің отандық қорын қалыптастыруға негіз болмақ.
Айнаш ЕСАЛИ.

Related Posts

Begin typing your search term above and press enter to search. Press ESC to cancel.

Back To Top